Аспан асты, жер үсті 0 пікір 0 лайк

КОНКУРС

Шілде 20 / 2018

 

Құрметті Түркістан облысы мен Шымкент қаласының тұрғындары!!!

2018 жылғы 2 шілдеде Ереван қаласында ТМД-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша мемлекетаралық кеңестің кезекті отырысы өтті.

Кеңес барысында Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!» тақырыбында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік жарнама халықаралық жастар байқауын өткізу бойынша бастамамен шықты.

Армения Республикасының Бас прокуратурасы, Беларусь Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Қырғыз Республикасының Бас прокуратурасы, Тәжікстан Республикасының Мемлекеттік қаржылық бақылау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша агенттігі байқауды бірлесіп ұйымдастырушылар болып табылады.

14 жастан 35 жасқа дейінгі қатысушыларға «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!» тақырыбында плакаттар және бейнелер форматында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік жарнама әзірлеу ұсынылады, онда қоғамның барлық деңгейлерінде және барлық қызметі салаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қазіргі заманғы тетіктерін, сондай-ақ аталған бағытта халықаралық ынтымақтастықтың рөлі мен маңыздылығын көрсеткен жөн.

Жұмыстарды қабылдау 2018 жылғы 2 шілдеден бастап 19 қазанға дейін кезеңде www.anticorruption.lifeбайқаудың ресми сайтында жүзеге асырылады.

Қазақстанның ең үздік жұмыстары жартылай финалға шыққандарды іріктеу бойынша ұлттық байқау комиссияның отырысында анықталады және халықаралық қазылар алқасының қарауына жолданады.

Байқаудың жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі Мәскеу қаласында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күнінің қарсаңында жоспарланған.

Осыған орай, Түркістан облысы мен Шымкент қаласының тұрғындарын аталған байқауға белсене қатысуға шақырамыз.

Мүмкін бағыңыз жанып, осы байқаудың жеңімпазы Сіз боларсыз!

Байқау туралы толық ақпаратты жобаның www.anticorruption.lifeресми сайтынан таба аласыз. Байланыс телефоны +77252-536067.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ