Руханият 0 пікір 0 лайк

МӘДЕНИЕТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Шілде 17 / 2018

 

Түркістандық бүлдіршіндер Ақмола облысының Бурабай демалыс аймағында өткен «Burabay Summer Fest» халықаралық фестивалінен жеңіспен оралды. Фестивальге Қазақстанмен қатар Қытай, Белоруссия, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Түркия сынды мемлекеттерден 400-ге жуық өнерпаз қатысып, вокалдық өнер, музыкалық аспаптармен ән орындау, хореографиялық өнер, көркемсөз оқу секілді
8 жанр бойынша сынға түсті. Нәтижесінде, түркістандық 32 өнерпаздың жетеуі топ жарды.

*   *   *

Облыстық әзіл-сықақ және сатира театрында мектепке дейінгі мекемелердің бүлдіршіндері арасында «Бала шақтан болашаққа – ана тілімен» атты облыстық байқау өтті. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтіп, жас бүлдіршіндерді ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған шарада өңіріміздің барлық аудан, қаласынан 6 жасқа дейінгі 15 үміткер бақ сынады. Олар мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер айту және ән, би, өлең оқу бойынша сайысқа түсті. Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені отырарлық Тәжібай Сезім жеңіп алса, бірінші орын созақтық Болатбек Інжуге бұйырды. Ал, шардаралық Рахманәлі Назым екінші орынды, төлебилік Рашид Әли үшінші орынды иеленді.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ