Руханият 0 пікір 0 лайк

Түркістандықтар топ жарды

Шілде 16 / 2018

 

8 шілдеде Астана қаласында өткен дәстүрлі «Азия жаңғырығы» халықаралық фестивалінде Түркістан облысы «Оңтүстік-Цирк» мекемесінің өнерпаздары алтын медальді қанжығасына байлады. Астана қаласының туған күніне орай ұйымдастырылған байқауда Вьетнам, Ресей, Франция, Канада сынды 13 мемлекеттен алпыстан аса цирк майталмандары бақ сынады.

 

Байқаудың бас жүлдесін күрделі трюктерден тұратын «Өлім доңғалағы» нөмірімен көпшілікті таң қалдырған түркістандық «Эксклюзив» тобы жеңіп алса, екінші орын белоруссиялықтарға, үшінші орын Қазақ мемлекеттік циркінің әртістеріне бұйырды. Сондай-ақ, фестивальге құрметті қонақ ретінде Венгрия мен Украинадан шақырылған танымал піл үйретуші Ричард Такас пен шоу-бағдарламалардың жетекшісі Виктория Гриценко қатысты.

М.ТҰРЛЫБЕКҚЫЗЫ.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ