Руханият 0 пікір 0 лайк

Жеңіспен оралды

Шілде 16 / 2018

 

Солтүстік Қазақстан облысының М.Жұмабаев ауданындағы Сарытомар ауылында өткен қазақтың көрнекті ақыны Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдық мерейтойына АҚШ, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Ресей мен Қазақ-станның ақын-жазушылары, қоғам қайраткерлері қатысты. Туған жерінде ақынның еңселі ескерткіші бой көтерді.

 

Сондай-ақ, шара барысында мектеп оқушылары арасында республикалық Мағжан оқуларының ақтық кезеңі өтті. Біздің өңірімізден байқауға Созақ ауданының Аққолтық ауылындағы Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектептің 9-сынып оқушысы Ақмарал Тілеубек жолдама алған болатын. Ол республикалық байқаудан І орынды иеленіп, облысқа жеңіспен оралды. Ал, шәкіртін додаға дайындаған ұстазы Тұмартай Дінтайұлы ҚР Білім және ғылым министрі Е.Сағадиевтің арнайы Алғыс хатымен марапатталды. Ақын қыз Ақмарал да министрдің дипломын иеленді.  

Құлыншақ ақын  мен Сәуірбектей жазушылар шыққан ауылда тағы бір өлең-жырға құштар қыздың өсіп келе жатқаны көңіл қуантады. Ақмаралға шалқар шабыт, шығармашылық табыс тілейміз!

Қуаныш ЕСБЕРГЕНОВ, Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебінің тәлімгері.

Созақ ауданы.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ