САҒЫНЫШ ЕКЕН БАЛА КЕЗ...

Шілде 16 / 2018

 

Бұл сурет осыдан 48 жыл бұрын, яғни 1970 жылы 25 сәуірде түсірілген. Суретте Түлкібас ауданындағы сол кездегі «Саларық» сегізжылдық мектебінің (қазіргі А.Байтұрсынов) 5-8-сынып оқушыларының «Қараүңгір» шатқалына экскурсияға шыққан кезі бейнеленген.

 

Осы суреттегі өрімдей ұл-қыздардың алды бүгінде 63, кейінгілері 59-ға толды. Иә, өмір бар жерде – өлім бар. Одан қашып құтыла алмайсың. Содан да болар, суреттегі кей оқушылар мен ұстаздар бүгінде арамызда жоқ. Жатқан жерлері жайлы болсын.

Дегенмен, осынау оқушылардың арасында өмірден өз орындарын тауып, биік межеден көрінгендері де аз емес. Мына суреттен бір кездегі оқушы, бүгінде медицина ғылымының докторы мен ҚР Журналистер одағының мүшесі атанып отырған есімдері кең-байтақ елімізге белгілі тұлғаларды білетіндер болмаса тани қоймайды.

Айтайын дегенім, ілгері уақытта мұғалімдер мектеп оқушыларын туған жердің тарихымен, тамаша табиғатымен таныстыру саяхаттарын жиі жасайтын. Мына сурет бүгінде біздің есімізде тәтті естеліктердің бірі болып қалып отыр. Бүгінгі оқушыларға бір жетіспесе, осындай саяхаттар жетіспейтін сияқты. Сынып болып қыдыру, табиғат аясында демалу балалардың бір-біріне деген достығын нығайтып, татулығын арттырады деп ойлаймын.

Орынтай КӨМЕКОВ. Түлкібас ауданы.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ