Аспан асты, жер үсті 0 пікір 0 лайк

Күн бұдан да қатты ысиды

Шілде 12 / 2018

 

Облыста осы жылдың 8 және 9 шілде күндері ауа температурасы 40, 44 градусқа дейін көтерілді. Таулы аймақтарда 35, 39 градусқа дейін ыстық болды. «Қазгидромет» РМК-нің облыс бойынша филиалындағы метеоболжау және байланыс бөлімінің басшысы Әсия Қыдырбаева  бұл күндері шөлді аймақтарда термометр тілінің 45 градусқа дейін жеткенін айтады.

 

Шілденің 10-ында да өңірімізде осындай ауа райы сақталды. Әсіресе, Түркістан, Арыс қалалары мен Отырар ауданында күн қатты ысыды. Ол аймақтарда ауа температурасы 45 градусқа дейін жоғарылады. «Дегенмен, алдағы күндері күн райы 35, 40, ал, кей жерлерде 30 градусқа дейін төмендей бастайды» дейді Әсия Кісетайқызы.

Дәл осындай ыстық ауа райы осы айдың 15-і мен 20-сы аралығында да болады деп күтілуде. «Бұл кезде ауа температурасы тіпті 45 градусқа дейін жоғарылап кетуі мүмкін. Дегенмен, айлық болжам бойынша шілде айының соңына қарай жауын-шашын болады» дейді синоптиктер.

Дилара БИМЕНОВА.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ