Аспан асты, жер үсті 0 пікір 0 лайк

Жетi жүлдемен оралды

Шілде 12 / 2018

 

Дилара БИМЕНОВА, «Оңтүстік Қазақстан».

Жақында Астана қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен «Актив лайф» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Бүгіннің баласы – болашақтың данасы» атты тақырыпта өнерлі балалар арасында фестиваль өтті.

 

Оған еліміздің түкпір-түкпіріндегі балалар үйлерінің 400-ге жуық тәрбиеленушісі қатысты. Республика көлемінде өткізілген шарада    өңірімізден    барған      23 жасөсіпірім өнер көрсетіп, олардың 7-еуі жүлделі орындарға ие болды.

Жақында облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр аталмыш байқауға қатысқан жасөспірімдер мен олардың жетекшілеріне Алғыс хат табыстап, сый-сияпат жасады.

Айта кетейік, байқауда көркемсөз оқудан Арыс қаласындағы «Т.Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылының» тәрбиеленушісі Айгүл Ержігітова бас жүлдені иеленді. Ал, Сайрам ауданында орналасқан «Бауыржан отбасы үлгісіндегі балалар ауылының» өнерлі өрені Камила Азаматқызы І орыннан көрінді. Төлеби ауданындағы №2 балалар үйінің тәрбиеленушілері Камила Карпееваға ІІ, Ақбота Төребаеваға ІІІ орын бұйырды. Осы балалар үйінде өсіп келе жатқан Нұрдәулет Үрістемов фестивальде әсем ән шырқап, І орынды жеңіп алды.

Сонымен қатар, Шымкент қаласындағы №3 балалар үйінің тәрбиеленушісі Жанеля Ерімбетова және «Қуаныш» би тобы да өз өнерлерін көрсетіп, І орыннан көрінді.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ