Мәжiлiс депутаттарымен кездестi

Шілде 10 / 2018

 

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Фахриддин Қаратаев пен Сапархан Омаровты қабылдады.

 

Кездесуде облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен Президенттің 5 әлеуметтік бастамасының орындалуы сөз болды. Өңір басшысы түрлі мемлекеттік бағдарламалардың облыста өз деңгейінде жүзеге асырылып отырғанын жеткізіп,  2018 жыл күнгей жұртшылығы үшін өзгерістерге толы тарихи жыл болғанын атап өтті.

Кездесуде Мәжіліс депутаттары жұмыс сапарларының мақсат-жоспарлары жайында айтып берді.

Облыс әкімі депутаттардың заң шығару сияқты маңызды жұмыспен айналысып, еліміздің дамуына елеулі үлес қосып жатқандығын айта келе, осындай ауыр да жауапты жұмыстарына табыс тіледі.

Өңірге жасаған сапары барысында халық қалаулылары  аудан-қалаларды аралап, Елбасының 5 әлеуметтік бастамасын халыққа кеңінен түсіндіріп, Үкімет тарапынан жүргізіліп отырған мемлекеттік бағдарламалардың өңірде жүзеге асырылуын пысықтамақ.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ