Заң-заман 0 пікір 1668 лайк

Меморандумға қол қойылды

Маусым 30 / 2018

 

Дамира МОЛДАНАЗАРОВА, «Оңтүстік Қазақстан».

Шымкентте Қазақстан және Өзбекстан Республикаларының Бас Прокуратурасы өкілдерінің екіжақты кездесуі өтті. Басқосуға ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Ғ.Нұрдәулетов пен Бас көлік прокуроры, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан облыстарының прокурорлары қатысса, құрамында Ташкент, Сырдария, Жызақ, Науаи облыстарының прокурорлары бар өзбекстандық делегацияны Өзбекстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Э.Юлдашов бастап келді.

 

Кездесу барысында еңбекке заңсыз тарту, қылмыстық қудалау шеңберінде халықаралық тапсырмаларды орындау, екі ел шекарасындағы өткізу-бақылау бекеттеріндегі кедергілерді жою, сондай-ақ, Қазақстанда сотталған Өзбекстан Республикасының азаматтарын экстрадациялау мәселелері кеңінен талқыланды.

Жиынға қатысушылар шекаралық қарым-қатынас, екі ел прокуратураларының өзара қатынаста жұмыс істеуі секілді екіжақты келісімдерді одан әрі жетілдіре түсетінін тілге тиек етті. Жиын соңында жоғарыда аталған мәселелер бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылды.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ