Рухани жаңғыру 0 пікір 1643 лайк

Елбасының еңбегі – болашақтың бағдаршамы

Маусым 26 / 2018

 

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы – ұлтымыздың жаһандану заманында жұтылып кетпей, ұлттық генетикалық кодымызды сақтай отырып жаңғыруға жол сілтейтін бағдаршамы. Бәсекеге қабілетті ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басып, рухани тұрғыдан қалай жаңғыру қажеттігін Елбасы өз мақаласында нақты көрсетіп берді.

 

Елбасы осы мақаласында бұған дейін мемлекеттің саяси-экономикалық жаңғыруына ерекше көңіл бөлініп келсе, енді рухани жаңғыруға кезек келгендігін айтты. Ол үшін кең ауқымды жобаларды жүзеге асыру арқылы жоғары руханиятты ел қалыптастыруға ұмтылатынымызды сөз етті. Руханият адамға тіл, мәдениет, әдебиет, дәстүр, ғылым, білім арқылы сіңетіндіктен, әрқайсысын жеке-дара емес, біртұтас қарағанда ғана толыққанды сипаты танылмақ, ал, рухани әлемі бай адам қазынасы мол құнарлы ұлтты құрайды.

Тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртуға бағытталған мақалада сананы дамытудың негізі ретінде алты бағыт көрсетіледі. Бұл бағыттар – бәсекелік қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы және сананың ашықтығы.

Сонымен қатар Елбасы еліміздің түбегейлі өзгеруі және заман сынағына лайықты төтеп беру үшін алты нақты жоба да ұсынып отыр. Атап айтқанда, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Туған жер бағдарламасы», «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» және «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобалары. Бұл бағыттардың қай-қайсысы да жастардың терең білім алып, рухани тұрғыдан кемелденуіне жол ашады және сол арқылы еліміздің дамуына зор ықпалын тигізбек.

Ерұлан ТҰҢҒЫШБАЕВ, Түркістан қалалық Жастар ресурстық орталығының инспекторы.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ