Әлеумет 0 пікір 0 лайк

Оңалту орталығы ұйымшыл ұжым екен

Маусым 23 / 2018

 

Биылғы 21 мамырда «Ана мен бала» Оңтүстік орталығына жоспарлы түрде емделуге келдім. Дәрігер Бибірабиға Сейітбекова жылы қабылдады. Ауру тарихымды, бұрынғы алған емдерім туралы сұрап, бірінші бөлімшеге жіберді. Кезекші мейірбике Әзиза Ахаева мені 409-шы палатаға орналастырды.

 

Аталмыш мекемеде науқастар ойдағыдай ем алып, сергек демалуы үшін барлық жағдай жасалған. Іші әрдайым жинақы әрі таза. Әр палатада теледидар, салқындатқыш, тоңазытқыш бар. Құбырдың құлағын бұрасаң, қалағаныңша салқын және ыстық су ағып тұр. Әсіресе, Бибірабиға мен Баян есімді жылы жүзді дәрігерлерге айтар алғысым шексіз. Ал, сол дәрігерлердің берген тапсырмаларын уақтылы орындап жүрген Фарида, Әзиза, Махаббат, Меруерт атты қыздарға Алланың нұры жаусын!

«Ас – адамның арқауы». Мұндағы аспаздардың дайындаған тағамдары өте дәмді. Әсіресе, тамақ тарататын Саата Хаджиеваның қызметіне де жақсы баға береміз.

Рамазан айында ем алған науқастардың атынан «Ана мен бала» оңалту орталығының ұжымын медицина қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын. Олардың дендеріне саулық, отбасыларына амандық тілейміз.

Бибігүл ӨГІЗШИЕВА, Бәйдібек ауданының тұрғыны.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ