Әлеумет 0 пікір 0 лайк

Ең жоғары балл – 138

Маусым 23 / 2018

 

Дилара БИМЕНОВА, «Оңтүстік Қазақстан».

Өңірімізде мектеп бітірушілер осы жылдың 20 маусымынан бастап ҰБТ тапсыруда. 20-21 маусым күні 14 аудан, қала бойынша 301 мектептен барлығы 9785 түлек тестілеуге қатысуға ниет білдірген болатын. Олардың 110-ы өз өтініші бойынша, 15-і денсаулығына байланысты бақтарын сынай алмады.

 

Әзірге екі лекте тест тапсырған мектеп бітірушілердің облыс бойынша орта балы 80-ді құрап отыр. Оның ішінде Отырар ауданы мен Кентау қаласындағы мектеп бітірушілері көш бастап келеді. Соңғы қатарларда Сарыағаш, Мақтаарал, Созақ, Ордабасы аудандары тұр.

Ал, 100 балдан жоғары жинағандардың саны 2 331-ге жетті. Бұл тестілеуге қатысқандардың 23,8 пайызын құрайды. 1849 бітіруші шектік деңгейден өте алмады. Олар сынақ тапсырғандардың 18 пайызын құрап отыр. Сонымен қатар, Шымкент қаласындағы екі мектеп түлегі ҰБТ ережесін бұзғаны үшін аудиториядан шығарылды.

Облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Әлібек Кенжебаевтың айтуынша, 20 маусым күні ең жоғары 137 балды Шымкенттегі Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейдің бітіруші түлегі Сухраб Камалов алса, 21 маусым күні М.Мәметова атындағы №35 жалпы орта мектептің түлегі Гүлдана Мейірбектің көрсеткіші 138-ге жетті. Жалпы, осы екі күнде 137 балды – 3, 136 балды 1 оқушы жинады.

22 маусым күні ҰБТ Мақтаарал, Сарыағаш, Сайрам аудандары мен Шымкент қаласында өтті. Оған 106 мектептің 2 902 оқушысы қатысты.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ