Заң-заман 0 пікір 1616 лайк

ИНВЕСТОРҒА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ҚАЖЕТ

Маусым 22 / 2018

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тарапынан іске асырылып жатқан «Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте сүйемелдеу» жобасы инвесторларға қолайлы жағдай жасау мақсатында әзірленген. Осыған орай агенттіктің ОҚО бойынша департаменті төрағасы Әли Көмекбаев осы аптада өңірдегі инвесторлармен кездесіп, жобаның мақсат-міндеттерін таныстырды. Кездесуге «KAZAKH INVEST» АҚ-ның филиал басшысы Дәулетқожа Мамиров та қатысты.

 

«Жобаның мақсаты - қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастырып, мемлекеттік билік институттарына бизнес пен инвесторлардың сенімін нығайту. Бұл ретте «KAZAKH INVEST»-пен бірлесіп, инвесторлар үшін барлық жағдайды жасайтын боламыз» - деді департамент басшысы.

Ал, Дәулетқожа Мамировтың айтуынша, ОҚО кәсіпкерлер палатасында  шетелдік компания өкілдіктеріне жан-жақты консультациялық көмектер беретін фронт офис ашылған. Сонымен бірге «WhatsApp» (8-775-869-21-21), 51-51-51 сенім телефондары мен memkyzmet.kz сайтында ашылған «Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте сүйемелдеу» айдары арқылы инвесторлардың қандай да бір кедергілерге немесе сыбайлас жемқорлық көріністеріне кездесіп жатса, жоғарыдағы байланыс құралдарына хабарлауға мүмкіндігі бар.

Д.ЖҮСІПОВ.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ