Рухани жаңғыру 0 пікір 1588 лайк

Сыбайластықты жою: бұл бір жылдың шаруасы емес

Маусым 19 / 2018

 

Ел Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауында жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігіне қатысты мәселелер негізгі бағыттардың бірі ретінде қарастырылған.

Бұл ретте сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылауды жүзеге асыратын Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірқатар шараларды жүзеге асыру үстінде. Бұл жөнінде  тексеру  комиссиясының  «2016-2018 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспары» мен «Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары» бекітілген.

Бұл бағытта мекеме ішінен құрылған арнайы жұмыс тобы тоқсан сайын мониторинг жүргізіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаулар жасайды. Мұның нәтижесі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаментіне жолданып отырады. Бұдан өзге әр апта сайын өтетін аппараттық жиналыстарда, аудиттік іс-шара жүргізу алдында сыбайлас жемқорлық мәселесін мемлекеттік қызметшілерге түсіндіру жұмыстары жолға қойылған. Лауазымды адамдардың іс-әрекетінде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайда, материалдарды тиісті аудиторлық дәлелдемелермен бірге құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғауға немесе қарау үшін уәкілетті органдарға тұрақты түрде жолданып отырады.

Сыбайластықты түп-тамырымен жою бір жылдың еншісіндегі шаруа емес. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Әбдісамат ОРАЗОВ, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы төрағасының міндетін уақытша атқарушы.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ