Заң-заман 0 пікір 1581 лайк

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

Маусым 16 / 2018

Шымкентте мемлекеттік қызметшілер арасында қайырымдылық марафоны өтті. «Алға басу – Движение вперед» деген атаумен республика көлемінде бастау алған марафон мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығына арналды.

Шараның мақсаты - жиналған қаржыны республикалық «ДОМ» қайырымдылық қорының «Балаларға өмір сыйла» қайырымдылық жобасы аясында ем қонбайтын сырқат балалардың емдеуге жұмсау.

Марафон бір күнде, бір уақытта барлық облыстық орталықтары мен Астана және Алматы қалаларында өткізілді. Облыстың 250-ден астам мемлекеттік қызметшілері Шымкент қаласындағы дендросаябақ алдынан облыс әкімдігі ғимаратына дейін жүгіріп өтті. 

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға департамент тарапынан арнайы дипломдар мен медальдар табыс етілді.

Д.ЖҮСІПОВ.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ