Заң-заман 0 пікір 1579 лайк

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ОТБАСЫЛАРЫМЕН САЙЫСҚА ТҮСТІ

Маусым 16 / 2018

Мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығына орай ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс әкімдігімен бірлесіп мемлекеттік қызметшілердің отбасылары арасында  «Әкем, Анам және Мен – спорттық жанұя» атты спартакиада өткізді.

 

Спартакиаданы өткізудегі мақсат – мемлекеттік қызметшілер арасында  бұқаралық спортты насихаттап, салауатты өмір салтын қалыптастырып қана қоймай, отбасы құндылықтарын насихаттау. Шараның ашылу салтанатында департамент басшысының орынбасары А.Шілманов сөзй сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Айта кетейік, қатысушылар алдымен аудан, қалалық деңгейдегі іріктеуден іркілмей өтіп, облыстық деңгейдегі эстафетада бақ сынасты. Эстафетада әрқайсысы 3 адамнан құралған 8 команда қатысты. Әр отбасы жүгіру, допты қақпаға түсіру, скакалка және қапшықпен секіру, доптарды ауыстыру және тағы басқа 8 эстафеталық ойындар бойынша сынға түсті.

Нәтижесінде І-орынды Сайрам ауданынан келген Айтқұловтар отбасы иеленсе, ІІ-орынды Төлеби ауданынан Аралбай отбасы, ІІІ-орынды Түлкібас ауданынан Бекбердиевтер отбасы еншіледі. 4-ші орынға ие болған командаға «Үлгілі спортшылар отбасы», 5-ші орынға тұрақтаған отбасыға «Жеңіске деген жігері үшін» деген номинация бойынша арнайы сыйлықтар тапсырылды.

Д.ЖҮСІПОВ.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ