Руханият 0 пікір 0 лайк

ӨНЕРПАЗДАР БУРАБАЙДА БАҚ СЫНАЙДЫ

Маусым 14 / 2018

Астана қаласының 20 жылдығына орай «Burabay Summer Fest» Халықаралық балалар мен жасөспірімдер телевизиялық фестиваліне Оңтүстіктен 10-16 жас аралығындағы 200-ден аса үміткер қатысып, 9 жанр бойынша (дәстүрлі ән, академиялық ән, эстрадалық ән, көркемдік оқу, ұлттық музыкалық аспаптарда орындау, классикалық музыкалық аспаптарда орындау, эстраданың сүйемелденуімен музыкалық аспаптарда орындау,  хореографиялық және бейнелеу өнері) өнер көрсетіп, оның, үздік деп танылған 32-і үміткері ақтық кезеңге жолдама алған болатын.

Дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және оларды жан-жақты қолдау, олардың шығармашылық қабілеттілігі мен орындаушылық шеберлігін шыңдауды мақсат еткен шарада өнерпаздар облыс намысын қорғайды. Еліміздің барлық облыс, қалаларынан іріктелген үміткерлер Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің  ұйымдастыруымен 2018 жылғы 15 маусым-4 шілде күндері  Ақмола облысы Бурабай демалыс аймағында бақ сынап, Астана қаласындағы гала-концертке қатысатын болады.

 

 

 

 

 

 

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ