Аспан асты, жер үсті 0 пікір 1559 лайк

«Астананың 20 жылдығына – 20 нысан»

Маусым 14 / 2018

 

Биыл елордамыз Астанаға – 20 жыл! Осы мерейлі датаға байланысты Оңтүстік Қазақстан облысында «Астананың 20 жылдығына – 20 нысан» акциясы басталды.

 

Аталған мереке қарсаңында облыста әлеуметтік және басқа да мақсаттағы 20 нысан ашылып, ел игілігіне пайдалануға беріледі. Акция аясында Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» индустриалды аймағында орналасқан «Шымкент Темір» ЖШС-нің болат құю зауыты іске қосылады. Жалпы құны 4,2 млрд. теңге болатын кәсіпорын жылына 240 мың тонна өнім шығаруға қауқарлы. Өндіріс орны іске қосылғанда 150 азамат жұмыспен қамтылмақ.

Сонымен қатар, Шымкентте ұлттық теннис орталығы, зообақтың «Африка» бөлігі мен Астана даңғылының бойында гүлзардың ашылу рәсімі өтеді. Бұдан бөлек мерейтой қарсаңында ел игілігі үшін облыс аумағында 4 балабақша, Шардара ауданында 10 пәтерлі екі қызметтік тұрғын үй мен Төлеби ауданында 20 пәтерлі бес қабатты тұрғын үй, ал, Бәйдібек ауданында 1 пәтерлі 20 коммуналдық тұрғын үй құрылысы пайдалануға беріледі.

1-6 шілде аралығында Түркістан қаласында «Яссы құс» шаруа қожалығының екінші кезеңі, сыйымдылығы 200 тонна болатын көкөніс және жеміс-жидек сақтайтын сервистік орталық ашылады. «Астана қаласының 20 жылдығына – 20 нысан» акциясы барысында 200 орынды мәдениет үйі мен 600 орынды мектеп, 60 балаға шақталған «Ақкен» емдеу-сауықтыру лагері және спорт нысандары мен демалыс орындары ел игілігіне тапсырылады.

Осылайша, оңтүстік өңірде Елбасы жүргізіп отырған мемлекеттік саясаттың арқасында халық үшін маңызы зор бірқатар әлеуметтік нысандар мен кәсіпорындардың құрылысы аяқталып отыр. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыстар алдағы уақытта жалғасын табатын болады.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ