Руханият 0 пікір 1556 лайк

«Жақсылар, дастан айтайын...» байқауына орай

Маусым 14 / 2018

 

Үш сұрағым бар

 

– Құрметті редакция! «Жақсылар, дастан айтайын...» байқауына байланысты үш сұрағыма жауап берсеңіздер екен. Біріншіден, қалалық және аудандық іріктеу байқауынан облыстық кезеңге неше оқушыға жолдама беріледі? Екіншіден, қыркүйек айында 5-сыныпқа баратын оқушыға ауызша сұрақ қай сыныптың бағдарламасы бойынша қойылады? Соңғы сұрағым, бұл байқауға өзге ұлт өкілдері қатыса ала ма, қатысқан жағдайда оларға жеңілдік жасала ма?

Рита АЛМАХАНОВА, №101 мектептің мұғалімі. Шымкент қаласы.

Редакциядан:

– «Жақсылар, дастан айтайын...» байқауының іріктеу кезеңінде әр аудан немесе қаладан облыстық сайысқа екі жолдамадан беріледі. Жаңа оқу жылында 5-сыныпта оқитындарға ауызша сұрақ 4-сыныптың бағдарламасынан қойылады. Алтыншы сыныпта оқитындарға бесінші сыныптың бағдарламасынан, жетінші сыныптағыларға алтыншыдан, осылай кете береді. Әрине, байқауға өзге ұлт өкілдерінің де қатысуына толық құқы бар. Әйтсе де, оларға ешқандай жеңілдіктер жасалмайтынын осы бастан ескерткіміз келеді. Бәйгені кім күшті, сол алады!

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ