Аспан асты, жер үсті 0 пікір 1557 лайк

ХҚТУ-ға жаңа ректор келді

Маусым 14 / 2018

 

Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры ауысты. Енді бұл қызметті профессор Болатбек Әбдірәсілов атқаратын болады.

 

Оқу орнының жаңа басшысын ұжымға ҚР Білім және ғылым вице-министрі, халықаралық қазақ-түрік университеті Өкілетті Кеңес төрағасының орынбасары Бибігүл Асылова таныстырды.

Айта кетейік, Болатбек Серікбайұлы еңбек жолын 1986 жылдан бастаған. Бүгінге дейін ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы қызметін атқарды. Биология ғылымдарының докторы, физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде, Білім және ғылым министрлігінде, ҚР Президенті Әкімшілігінде қызмет атқарған. 2012-2016 жылдары ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры болды. 2017 жылдың 24 наурызынан бастап ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы Ғылым комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

Болатбек Серікбайұлына жаңа қызметінде сәттілік тілейміз.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ