Аппарат басшысы өзгерді

Маусым 14 / 2018

 

Кеше ғана «миллионер қала» атанған Шымкентте біртіндеп кадрлық ауыс-түйіс те орын алатын сияқты. Жаңа бастамалар мен тың өзгерістерді жаңа кадрлар жүзеге асырса керек.

 

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қала әкімі аппаратының басшысы лауазымына Алтай Сембекұлы Али тағайындалды. Қала басшысы Нұрлан Сауранбаев аппарат басшысының жұмысына сәттілік тілеп, жаңа міндеттер жүктеді.

Алтай Сембекұлы 1985 жылы 3 мамырда Жамбыл облысы Жаңатас ауылында туған. Білімі – жоғары, экономика ғылымының бакалавры. Мемлекеттік тілмен қатар орыс, түрік, ағылшын тілдерін жетік меңгерген.

Еңбек жолы 2005 жылы «Қазақ-Австрия АҚ-ның «Рахат» бірлескен кәсіпорны «Рахат Палас Отель» қонақүйінің байланыс орталығында қарапайым қызметкер болудан басталған.

2010–2011 жылдар аралығында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның субсидиялау департаментінің менеджері болып жұмыс істеген.

2014 – 2016 жылдар аралығында Астана қалалық сотының бас маманы, ҚР Премьер-министрінің Сыртқы байланыстар басқармасының және хаттама бөлімінің сарапшысы, кейіннен ҚР Премьер-министрі хатшылығының бас сарапшысы лауазымына дейін сатылап өскен. Бүгінгі таңға дейін ҚР Премьер-министрі өңірлік даму бөлімінің бас консультанты болып қызмет атқарған.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ