Колледжіміз – екінші!

Маусым 14 / 2018

 

Шымкентте жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттері арасында өткен спартакиадада М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ-дің «Парасат» колледжі жалпыкомандалық есепте 2-орынды жеңіп алды. Биыл 33-ші рет ұйымдастырылып отырған спорттық шараға 10 жоғары, 30 арнаулы оқу орнынан спортшы жастар қатысты. Жалпы саны 3000-ға жуық жас спорттың 10 түрінен күш сынасты. Ақпан айында басталған жарыс мамыр айында аяқталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды.

 

Жоғары оқу орындары арасында өткен жарыста М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ студенттеріне тең келетін команда болмады. Ал, жалпыкомандалық есепте 2-орынды М.Әуезов атындағы ОҚМУ студенттері жеңіп алса, 3-орын Оңтүстік Қазақстан фармацевтика академиясының еншісіне бұйырды. Арнаулы оқу орындары студенттері арасында өткен бәсекеде

М.Өтебаев атындағы жоғары технологиялар колледжінің спортшылары алдына жан салмай, 1-орыннан көрінді. Жоғарыда айтқанымыздай, М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ-дің «Парасат» колледжі 2-орынды жеңіп алса, 3-орынды Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжі иемденді.

Айта кетерлік бір жайт, М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ-дің «Парасат» колледжі әрдайым жүлде тұғырынан түскен емес.

Ержан ӘЛИЕВ, «Парасат» колледжі директорының орынбасары.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ