Рухани жаңғыру 0 пікір 1549 лайк

ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕ КӨЛЕМДІ ЖҰМЫСТАР ҰЙЫТҚЫСЫ

Маусым 13 / 2018

 

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың еліміздің қарыштап дамып, өркениетті 30 елдің қатарына қосылуы үшін қоғамдық сананы жаңғыртуға, халықтың рухани және тарихи  мұрасын қазақстандық заманауи мәдениеттің негізі ретінде қарастыруға бағытталған "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласындағы стратегиялық  міндеттерді жоғары деңгейде жүзеге асыру Өңірлік Сараптама Кеңесінің жұмысына  үлкен жауапкершілік артады.

 

Бағдарламаның тиімді жүзеге асырылуы  үшін Өңірлік Сараптама Кеңесінің  жұмыс  жоспары  бекітіліп, іс-шаралар бағыты айқындалды. 

Бағдарлама міндеттерін жүзеге асыру бойынша жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында Өңірлік Сараптама Кеңесі мүшелерінен әрбір  кіші  бағдарлама бойынша  4  жұмысшы  топ құрылды.

2018 жылдың сәуіріне дейін Өңірлік сараптама  Кеңесінде  6  мәжіліс   өтті.

Сараптама  Кеңесінің мүшелері жоспарланған әр кіші бағдарлама аясындағы жобалардың, кіші жобалардың және  іс-шаралардың сараптамасын жасауда "Рухани жаңғыру"  бағдарламасының  6 негізгі бағыттарын (бәсекелік қабілет, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы, сананың ашықтығы) ескерді.

Осылайша, 2018 жылы  Оңтүстік  Қазақстан  облысы  бойынша  төрт  кіші бағдарлама аясында 46 жоба және 168 іс-шара  жүзеге асырылды.

 «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бойынша  Сараптамалық Кеңестің қарауына  білім алушыларды Отансүйгіштікке, Еліне деген құрмет көрсетуге, тарихын, мәдениетін және салт-дәстүрін сақтауға, сонымен қатар ұлттық бірегейлікті сақтауға, сананың ашықтығы, бәсекеге қабілеттілік сияқты негізгі басымдылықтарды ұстануға бағытталған  18 кіші жоба ұсынылды. Олар: «Мамандықтар әлемі», «Алтын адам»,  «Алтын қазына», «Балалар мен жасөспірімдер қозғалысын және қоғамдық ұйымдарды дамытудың ұлттық бағдарламасы», «Business» «Дарынды ұрпақ –ел болашағы», «Дарындылар елі» «Кітап – білім бұлағы» «Мен - даланың ұлымын», «Менің Отаным-Қазақстан», «Өрле Қазақстан», «Сөз - тілдің көркі»,  «Табиғат бесігі», «Тарих мұрасы», «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам», «Ұстаз - өзгеріс жаршысы», «Отбасы әлемі». Бұлардың құрамында  98  іс-шара жүзеге асырылуды.

Атап айтқанда, «Отаным-тағдырым» базалық бағыты бойынша 6 кіші жоба, 21 іс-шара, «Өлкетану» базалық бағыты бойынша - 4 кіші жоба, 16 іс-шара, «Саналы азамат» базалық бағыты бойынша - 8 кіші жоба, 61  іс-шара қамтылды.

Сараптама Кеңесінің талқылауына «Саналы азамат» базалық бағытын қамтитын Республикалық деңгейдегі 3 іс-шараның құжаттары ұсынылды.Осылайша, «Қазақстан балалары шексіз әлемде» атты облыстық кинофестивалінің, «Лидер Reader ON» кешенді іс-шарасының, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы, ҚР Мәдениет қайраткері, мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері, айтыскер ақын Бекарыс Шойбековтың қатысуымен «Өнегелі бір сағат» онлайн режиміндегі тағылымдық іс-шаралары бағдарлама талаптарына сәйкес келуіне байланысты  бірауыздан қабылданды.  

«Қазақстан балалары шексіз әлемде» атты облыстық кинофестивалінде балалар өздерінің өмірлік көзқарасын, қиялындағы керемет ойларын 7 жанр бойынша (деректі фильм, әлеуметтік жарнама, ойынды кино, видео-арт, анимация, музыкалық фильм, stop-motion) 3 минуттық қысқа метражды фильмдер арқылы көрсетті. Облыс бойынша 105 бейнеролик қаралды. Сондай-ақ, жүлдегерлер туралы арнайы репортаж түсіріліп, жұмыстары үздік деп танылған оқушылардың бейнероликтері ON’TU’STIK телеарнасында 1 ай бойында 3 реттік жиілікпен көрсетілді.

«Лидер Reader ON» кешенді іс-шарасы мектеп оқушылары арасында кітап оқуға деген  қызығушылығын оятуды, өмірде жақсы жетістікке жету үшін көп оқу, көп іздену керек екенін ұғындыра отырып, адамгершілікке, мейірімділікке, әдептілікке тәрбиелеуді көздеді. Барлық мектептерде арнайы тақтайша орнатылып, іс-шараның айлық қорытындысында облыс бойынша кітап оқыған үздік 13468 оқушылардың суреттері тақтаға орнатылды. Х.Есенқарақызының, М.Байғұттың, Н.Бегалының шығармаларын мәнеріне келтіре оқыған  роликтері арқылы  әлеуметтік желілерде жеңімпаз болғандар сол кісілермен кездесіп, шығармашылығын дамытуға әсерін тигізді.

«100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы, ҚР Мәдениет қайраткері, мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері, айтыскер ақын Бекарыс Шойбековтың қатысуымен «Өнегелі бір сағат» онлайн режимдегі тағылымдық шарасы өтті. Нәтижесінде бір мезетте 67260 оқушы бағдарламаның негізгі 6 басымдығын бойына сіңіре отырып, ұл мен қыз тәрбиесінде ұлттық бірегейлікті сақтауға, ұлттық құндылықтарды насихаттауға, қоғаммен қарым-қатынасты нығайтуға, патриоттық сезімдерді оятуға және азаматтық көзқарасын қалыптастыруға бағытталған тағылымдық тәрбие алды.

Аталмыш базалық бағыт аясында Сараптама Кеңесіне өңірлік деңгейде жүзеге асырылатын 60 іс-шара ұсынылды.        

«Ұл мен қыз- ұлт намысы» кешенді іс-шарасы аясында мектеп оқушылары арасында «Әжелер тәрбиесі» атты тақырыбындағы сынып сағаттарының өткізілуі ұлттық  бірегейлікті сақтау, ұлттық құндылықтарды насихаттау, ата-анамен, қоғам мен бала қарым-қатынасын нығайту, әжелер тағылымы негізінде қыз тәрбиесіне басымдық таныту мақсатын тиімді жүзеге асыратындығын сарапшылар  атап өтті. Бұл іс-шараларға ардагер ұстаздар, әжелер, сынып жетекшілер және 1038 мектептің 7-11 сынып (180,5 мың) оқушы қыздары қатысты.

«Кітап -білім бұлағы» кіші жобасы аясындағы іс-шараларға да Бағдарламадағы білімнің салтанат құруы негізгі бағытын тиімді жүзеге асыру мүмкіншілігін туындатат алғаны үшін  сарапшылар тарапынан оң баға берілді.  Мысалы, химия -биология бағытындағы "Назарбаев зияткерлік мектебінің" кітапханасында облыстық мектеп кітапханашыларымен шеберлік сыныптарын өткізілді. Қамтылғандар саны- 130 адам.

Сараптама Кеңесі тарапынан  «Оқырман мектеп», «Оқырман колледж» көркем шығарма оқу байқауының, интернет-ресурстарда «Балалар өлең оқиды», «Үздік аудио оқу», «Үздік видео оқу», әдеби байқауларын өткізу; барлық білім ордаларында «Буккросинг» бұрыштарын орнату, «Үздік кітапханашы» облыстық байқауын «Кітапханадағы бір күн» атты колледж студенттерінің «Отырар» кітапханасының бір күндік тыныс-тіршілігімен таныстырылуын  өткізу сияқты іс-шараларға қолдау көрсетілді. Жүзеге асырылуы бойынша  барлығы -15450 білім алушылар, 150-ден астам кітапханашылар қамтылды.

«Отбасы әлемі» кіші жобасы аясында Сараптама Кеңесінің қарауына ұсынылған «Отбасы-бақытты мекенім» іс-шарасы 4,5 мың ата-ананың қатысуын қамтитын форум, «Мерейлі отбасы» іс-шарасы отбасы мүшелерінің қатысуымен (4500 адамды қамту көзделген) өткізілетін байқау ретінде ұлттық кодты сақтаудың бірден-бір жолы-отбасы екендігін негіздеуіне сәйкес екендігін іс жүзінде дәлелдеді.

«Алтын қазына» кіші жобасы аясындағы «Алтын қазына» іс-шарасының мектеп оқушылары мен техникалық-кәсіптік білім беру мекемелерінің 14 мыңнан астам білім алушыларын қамтуға және олардың арасында сәндік-қолданбалы қолөнер бұйымдарының байқауын өткізуге бағытталуы,  «Бояулар құпиясы» атты іс-шараның 10 мыңнан астам білім алушыларды қамтып,  жас суретшілердің байқауын өткізуге бағытталуы Сараптама Кеңесі тарапынан мақұлданды.

«Дарындылар елі» кіші жобасы бойынша Сарапшылар Кеңесіне ұсынылған «Білімді ел – Мәңгілік ел»  атты өнер фестивалі, жас музыканттардың облыстық шеруі, «Театрдың - ғажайып әлемі» атты өнер байқауы, жас бишілердің «Ақ шағала» облыстық хореографиялық фестиваль-байқауы, «Оңтүстік таланттары» атты іс-шаралар бағдарламадағы «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын жүзеге асыру міндетіне сәйкес келуіне байланысты Сараптама Кеңесінің қолдауына ие болды.

Жүзеге асырылуы бойынша  аталмыш іс-шараларда  21 900 оқушы-жастар қамтылды.

«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» кіші жобасы аясында Сараптама Кеңесіне  «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» атты оқушылар арасында жас өнертапқыштардың облыстық байқауының, Робототехника кабинеттерін жабдықтау іс-шараларының құжаттары ұсынылды. Бұл іс-шаралардың жастардың бәсекеге қабілеттіліктерін арттыруға, білімнің салтанат құруына бағытталған міндеттерді шешуге сәйкес болғандықтарына байланысты сарапшылар тарапынан оң бағаланады. Жүзеге асырылуы жөнінен  оқушылар арасындағы жас өнертапқыштардың облыстық байқауы Шымкент қаласының С.Ерубаев атындағы №24 мектебінің  базасында өткізіліп, оған облыстан 124 білім алушы қатысты.  Ал, робототехника кабинеттерін жабдықтау іс-шарасына аудан, қалалық білім беру ұйымдарынан (жергілікті бюджеттен) жүзден аса мектептерге қаржы қаралғандығы да оның тиімділігін дәлелдейді.

 «Business» кіші жобасы бойынша  білім беру ұйымдарында бизнес-клубтар ашу, бизнес өкілдерімен кездесулер ұйымдастыруды қарастыратын  іс-шаралар ұсынылған. Осыған сәйкес бағдарламадағы прагматизм, сананың ашықтығы бағыттарын жүзеге асыруға бағытталған іс-шараларға да қолдау көрсетілді. Аудан, қалалардағы барлық  білім ұйымдарының кітапханаларын заманауи мультимедиялық  жабдықтармен жабдықтауға жергілікті бюджеттен қаржы қарастырылып, қазіргі уақытта  мектептердің 10%-ы жабдықталды. Алайда, Кентау, Төлеби, Сарыағаш, Мақтарал, Ордабасы аудандарында  қаржы  қарастырылмаған. 

«Отаным – тағдырым» базалық бағыты бойынша  21  іс-шара өңірлік  деңгейде  жүзеге асырылды.    Бағыт өз елін, Отанын сүйетін, дені сау Қазақстанның жаңашыл негізін қалайтын саламатты азаматтарды қалыптастыру мақсатын көздейді.

«Салауатты ұрпақ» кіші жобасы аясында Сарапшылар Кеңесінің отырысында  «Мен - чемпион» атты облыстық спорт ойындарын өткізу,  колледж студенттері арасында ұлттық ойындар спартакиадасын өткізу  іс-шаралары ұсынылды. Бұл іс-шаралардың мақсаты жастардың арасында ұлттық спортты, салауатты өмір салтын насихаттап, патриоттық сезімін дамыту, бұқаралық ұлттық ойын түрлерін (асық ату, бес тас, тоғызқұмалақ, ләңгі тебу, жаяу тартыс) өткізуге бағытталғандықтан, олардың маңыздылығы сөзсіз деп табылды. Осылайша, Шымкент қаласындағы №129 жалпы орта мектепте 2004-2006 жылы туылған мектеп оқушылары арасында «Мен- чемпион» атты облыстық спорт ойындары өтті. Қамтылғандар саны -250 (жалпы мектептерде -12456) оқушы. Нәтижесінде Республикалық жарысқа облыстық құрама команда іріктеледі.

 «Сөз-тілдің көркі» кіші жобасы аясында облыстағы барлық  колледждерде Абайдың қара сөздері мен Елбасының  бағдарламалық мақаласында көрсетілген тұжырымды ойларды ұштастыруды, білім алушылардың сана- сезімдері мен дүниетанымдарын, ойлау қабілеттерін жетілдіруді қарастыратын  «Абайдың қара сөздері» атты тақырыбындағы  тәлімгерлік сағаттар өткізу ұсынылды. Осылайша, өңірдегі барлық колледждерде  «Абайдың қара сөздері» тақырыбында тәлімгерлік сағаттар өткізілді. Оған абайтанушылар, әдіскерлер және  І-ІІ курс студенттері 100% қатысты.

«Салауатты ұрпақ» кіші жобасы аясында Шымкент қаласындағы М.Өтебаев атындағы "Жоғарғы жаңа технологиялар" колледжі мен №6 колледждің базасында студенттердің арасында ұлттық ойындар спартакиадасы өтті. Асық ату, бес тас, тоғызқұмалақ, ләңгі тебу, жаяу тартыс, "Кім жылдам?" эстафеталық ұлттық ойын түрлерінен өткен тартысқа  650 адам қамтылды.

«Қоғамдық ұйымдар және балалар мен жасөспірімдер қозғалысы дамуының ұлттық бағдарламасы» кіші жобасы аясында  Сараптама Кеңесі оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға, ұлттық спортты және салауатты өмір салтын насихаттауға, патриоттық сезімді дамытуға, бұқаралық ұлттық ойын түрлерін дәріптеуге бағытталған «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер қозғалысы іс-шарасының, «Теңбіл доп» футболдан облыстық жарысының, «Sport FEST» спартакиадасының  құжаттарымен танысып,  талқылады және оларды бағдарлама мақсатына сай деп таныды. Осылайша, «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер қозғалысы іс-шарасына жоспар бойынша 5600 адам қатысты. «Мектеп қыздар футбол лигасы» командалары арасындағы «Теңбіл доп» футболдан облыстық жарысына  облыстың  аудандарынан 10 команда  (қыздар командасы), 180 адам қатысты. Мектеп оқушылары арасында өткізілген  «Sport FEST» спартакиадасына  облыс аудандарынан 12 команда, 320 оқушы қатысты.

«Дарынды ұрпақ-ел болашағы» кіші жобасы аясында Сараптама Кеңесі  «Бір Шаңырақ астында» атты тақырыбындағы нашақорлықтың және бұзақылықтың алдын алу мақсатындағы сурет және  шығармалар байқауының, «Қазақстан балалары -шекарасыз әлемде» аттытақырыбындағы Республикалық балалар кино-фестивалінің, «Менің бастамам-менің еліме» атты облыстық шығармашылық жобасы аясында іс-шараны талқылады. Іс-шара бағдарламаның ұлттық бірегейлікті сақтау бағытын жүзеге асыруға мүмкіндік беруіне сәйкес қолдауға ие болды. Жүзеге асырылуы бойынша  33972 оқушы қамтылды.

«Ұстаз – өзгеріс жаршысы» кіші жобасы аясында ұсынылған «Жаңартылған білім мазмұны жүйесінің маңыздылығы» атты тақырыбындағы шеберлік сыныбы оқытудың заманауи технологияларын меңгеруге бағытталғандықтан, сарапшылар тарапынан оң бағасын алды.Мұндағыжалпы қатысушылар саны – 245-ті құрады.

«Сөз тілдің көркі» кіші жобасы аясында Сарапшылар Кеңесіне «Махамбет оқулары» мектеп оқушыларының қатысуымен жыр сайысы, «Абай даналығы» облыстық әдеби оқулары, «Рухани жаңғыру-жырымның басты арқауы» атты  жас ақындар айтысы, «Тұнық жырдың тұмары Фариза ақын» атты оқытушылар мен оқушылар арасындағы байқаудың  құжаттары ұсынылды. Бұл іс-шаралар бағдарлама мақсатына сәйкес келетіндіктен, сарапшылар қолдау көрсетті.

Осылайша, «Махамбет оқулары» жыр сайысы білім  басқармасының «М.Тасова атындағы №12 мектеп-интернатының» базасында өткізіліп, облыстағы мектептерден 155 оқушы қатысты. Білім басқармасына қарасты мектептер мен колледждерде «Абай даналығы» облыстық әдеби оқулары ұйымдастырылып, іс-шараға 129000 адам қатысты. Б.Өтеп атындағы өнер мектеп-интернатында өткізілген «Рухани жаңғыру-жырымның басты арқауы» атты  жас ақындар айтысына аудандық, қалалық жарыстардан іріктелген 75 оқушы  қатысты.

 «Өлкетану» базалық бағыты бойынша Сараптама Кеңесінің қарауына  16 іс-шара ұсынылды. Бағыттың мақсаты- өзінің кіші отанының салт-дәстүрін, мәдениетін, тарихын құрметтейтін белсенді азаматтық ұстанымы бар, Қазақстанның жандануы барысындағы істерге қатысуға дайын патриот тұлғаны тәрбиелеу. 

      «Тарих мұрасы» кіші жобасы аясында ұсынылған «Жас тарихшылар» атты тақырыбындағы жас тарихшылардың облыстық ғылыми-практикалық конфренциясы, «Туған жер-2017» шығармалар байқауы  сарапшылар тарапынан қолдау тапты. «Туған жер-2017» шығармалар байқауы аудан, қалалардағы барлық мектептердің 5-11 сынып оқушыларының қатысуымен  3 кезеңде жүзеге асырылды.  Қатысушылар саны  300 мың оқушыны құрады.

«Табиғат бесігі» кіші жобасы аясында ұсынылған «Табиғат әлемі -балалар көзімен» атты тақырыбындағы облыстық экологиялық  байқау өткізу  іс-шарасының  мазмұны  бағдарламаміндеттеріне сәйкес болуына байланысты қолдау көрсетіліп, сәтті жүзеге асырылды.

      «Менің Отаным - Қазақстан» кіші жобасы аясында Сараптама Кеңесінің қарауына ұсынылған  «Мен- Қазақстанның азаматымын» патриоттық акциясы,«Менің тұңғыш Президентім!» атты мерекелік іс-шарасы, «Менің денсаулығым – менің болашағым, менің экологиям» атты жас экологтар слетін өткізу туралы іс-шаралардың мәні мен мазмұны оң бағаланып, тиімді жүзеге асырылды. Осылайша, «Мен- Қазақстанның азаматымын»патриоттық акциясы аясында  жастардың отансүйгіштік қасиеттерін шыңдау, балалар туризмін насихаттаумен қатар 1000 адамды қамтитын флешмоб ұйымдастырылды. «Менің тұңғыш Президентім!» атты мерекелік  іс-шарасына қатысып, белсенділік танытқан оқушылар мен топтар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен, ал, үздік шыққан жүлдегерлердің жетекші ұстаздары алғыс хаттармен марапатталды. «Менің денсаулығым – менің болашағым, менің экологиям» атты жас экологтар слетіне  1375 оқушы қамтылды.

      «Алтын адам» кіші жобасы аясында облыстық мәдениет және білім басқармалары екі жақты меморандум жасап, қазіргі уақытта «Қазақстан тарихы», «География», «Қазақ/орыс әдебиеттері» пәндерінің мәдени орындарда өткізілуі жүзеге асырылуда. Мұндағы қамтылған оқушылар саны- 353906.

Кіші бағдарлама аясындағы іс-шаралардың жүзеге асырылу барысы бұқаралық ақпарат құралдарында  жарияланды. Оның ішінде:

-республикалық деңгейдегі БАҚ-та-3,

-облыстық деңгейдегі БАҚ-та-8,

-аудандық деңгейдегі БАҚ-та-50.

 

"РУХАНИ ҚАЗЫНА" кіші бағдарламасы аясында Өңірлік Сараптама Кеңесіне  20 кіші жоба ұсынылды. Олар: «Оңтүстік – Ұлы дала мәдениетінің өзегі», «Қазақ ұлтының әулие ғұламаларының жауһарлары: Мұхаммед ибн Мұхаммед әш-Шымыр би-Алты Бармақтың «Алты Бармақ» (Дәләилнүбүууат Мухаммади) ХVғ. еңбегі»,  «Қазақ ұлтының әулие ғұламаларының жауһарлары: Бекасыл Биболатұлының «Зикзал» еңбегі», «ОҚО киелі орындары– геоақпараттық жүйеде», «Болатбек Ердәулетовтың шығармалары», «Отырар кітапханасы – аймақтық өлкетану ақпараттық орталығы», «Бабалар мұрасы ізімен», «Ерлік пен батырлық – киелі өлке өнегесі», «Кітапхана достық көпірі», «Музей–құндылықтар ордасы», «Оңтүстіктің киелі тұтқалары», «Оңтүстіктің киелі бұлақтары»,  «Қаламыздағы тұлға ескерткіштері -ұлттық рухымыздың құндылығы», «Ұлттық киімдер фестивалі», «Ажарлы үй – ырысты», «Табиғат – тіршілік нәрі», «Әдеби белдеу», «Оңтүстіктің дара тұлғалары», «Кино – руханияттың жаңғыру көзі».Олардың құрамында 86 іс-шара жүзеге асырылуда.

  «Туған жер – туған ел» базалық бағыты бойынша Сараптама Кеңесіне 12 кіші жоба және 69 іс-шара ұсынылып, оның ішінде 6 кіші жоба және 69 іс-шара  қоғамдық сананы жаңғыртудың критерийлеріне сәйкес деп танылып,  жүзеге асыруға қолдау көрсетілді. Осыған сәйкес  халықаралық  деңгейдегі  4  іс-шара жүзеге асырылды

«АЛАШ» этноауыл кешенінің салтанатты ашылуы туризм саласының әлеуетін арттыру мақсатын көздеп, Отырар ауданында өткізілді. Іс-шараға  АҚШ, Түркия, Польша, Франция, Германия елдерінің бұқаралық ақпарат құралдарының және туристік операторларының  өкілдері қатысты.

«Шырайлы Шымкент – 2017» туристік жәрмеңкесі, «Этно ауыл» туристік көрмесі, «VISIT Shymkent» жылжымалы семинары Облыстық «Көркемсурет галереясында» қаланың туристік  әлеуетін арттыру мақсатында  өткізілді.

«Ontustik tourism. INVEST-2017» халықаралық форумы туристік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жобаларға инвестиция тарту мақсатында жүзеге асырылды.

«Silk Road fair» жәрмеңкесі туристік индустрияның халықаралық ұйымдарын, сарапшылары мен салаға қызығушылық танытқан мамандарын шақыру негізінде өткізілді.

Сонымен қатар облыстық деңгейдегі іс -шаралар да тиімді жүзеге асырылуда.

«Ұлттық киімдер фестивалі» кіші жобасы Сараптама Кеңесі мүшелерінің қолдауына ие болды. Мұнда түркі халықтарының өзіндік болмысын, ерекшеліктерін салт-дәстүрлері мен ұлттық киімдері арқылы тану мүмкіндігі туындайды. Жоба аясында облыстағы ұлттық киім өндіретін кәсіпкерлер, колледждер, дизайнерлермен бірлесе «Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек...»көрме (дефиле) ұйымдастырылды. Алдағы уақытта жоба аясында облыстағы аудан, қалаларда дизайнерлермен шеберлік сағаттарын өткізу, «Ұлттық киім – ұрпаққа мұра» облыстық фестивалін өткізу және «Ұлттық киім ерекшеліктері» атты 3 тілде (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) альбом шығару жоспарланып отыр.

 «Ажарлы үй – ырысты» және «Табиғат – тіршілік нәрі» жобалары 2017 жылы бастау алды. Аталған жобалар елді мекендерді абаттандыру, экологиялық тазалықты жүзеге асыруға бағытталды.  Осыған сәйкес аудан, қалаларда «Тал күні» акциясы өткізіліп, оған 12,2 мың адамның қатысуымен 47,5 мың түп түрлі ағаш көшеттері отырғызылды. Сондай-ақ аудан, қалалар мен елді мекендердегі 35,8 мың жеке және көп қабатты үйлер мен мемлекеттік меншіктегі және коммерциялық нысандардың қоршаулары жөнделіп, ретке келтірілді.

«Әдеби белдеу» жобасы жастарға көркем әдебиет әлеуетін таныту мақсатында жүзеге асырылуда. Осы орайда, облыс көлеміндегі 428 кітапханада төмендегідей іс-шаралар  өткізілуде:

- «Буктрейлер» байқауы (тарихи оқиғалар мен тұлғаларға байланысты шығармаларды шағын бейнеролик арқылы насихаттау мақсатында);

- профессор, жазушы, «Құрмет» белгісінің иегері Б.Ысқақтың «Қызым, саған айтамын...» атты кітабының түсаукесер рәсімі (Облыстық «Отырар» ғылыми-әмбебап  кітапханасында).

«Оңтүстіктің дара тұлғалары» кіші жобасы аясында А.С.Пушкин атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Рухани жаңғыру идеясындағы Абай ілімі» атты тақырыбында Абай мұрасын зерделеген ғалым, абайтанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор, М.Әуезов атындағы Гуманитарлық ғылыми-зерттеу институтының директоры Мекемтас Мырзахметұлымен сұхбат кеші өткізілді. Сонымен қатар  Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, қаламгер, журналист, қоғам қайраткері М.Байғұттың шығармашылы- ғына арналған «Мархабат оқуларынан – Мархабат әлеміне», «М.Байғұттың болмысын бағамдау», Ш.Орынбайдың «Тарихтың тамыршысы» атты жазушылардың адами болмысы мен шығармашылық жолдарын оқырмандар арасында насихаттау мақсатында сырласу кештері өткізілді. «Рухани жаңғыру: кітапханада атқарылатын жұмыстың бағыттары мен міндеттері» аттытақырыбында «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында облыс кітапханашыларының семинар-кеңесі өтті.

 «Кино – руханияттың жаңғыру көзі» кіші жобасы аясында жас ұрпаққа өз елінің батырларын, туған елінің киелі жерлерін, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеу мақсатында 2017 жылы өңірімізде түсірілген «Көне құмыраның сыры», «Отырарды қорғау», «Күш атасы – Қажымұқан», «Киелі Қазығұрт» көркем және анимациялық фильмдері облыстың аудан, қалаларында көрсетілуде. Алдағы уақытта Астана, Алматы қалалары мен еліміздің барлық облыс орталықтарындағы мәдениет үйлері мен кинотеатрларында көрсетіліп, көрерменге жол тартатын болады.

2018 жылы «Ордабасы – бірліктің туы», «Түркістан», «Оқсыз» анимациялық фильмдері және «Төле би» атты 10 сериялы телесериалын  түсіру жоспарланған.

«Қасиетті Қазақстан» базалық бағыты бойынша 8 кіші жоба және 17 іс-шара ұсынылып, 5 кіші жоба және 17 іс-шараға Сараптама Кеңесінің мүшелері тарапынан оң баға берілді. Мұнда Республикалық маңызы бар 1 іс-шара жүзеге асырылды:

Қазығұрт ауданында «Қазығұрт-Кеме қалған» киелі орнын көгалдандыру іс-шарасы ұйымдастырылды. Шара барысында өңіріміздің 1000 -нан астам ерікті жастары Қазығұрт тауы баурайында 1300 түп әртүрлі ағаш көшеттерін отырғызып, киелі жерлерді көркейтуге өз үлестерін қосып, Республикамыздың басқа облыстарына киелі орындарды абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі жастардың  Үндеуін  жариялады.

 Облыстық деңгейде 7 кіші жоба жүзеге асырылуда:

 Сараптама Кеңесіне ұсынылған «Оңтүстік Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Оңтүстік – тарихи, рухани орындар мекені» жобалары Облыстық «Тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі орталық тарапынан ұсынылған облыстық маңызы бар инновациялық жобалар ретінде бағаланды.

 «Иасауи мұралары» хикметтер жинағы (бұрын баспа бетін көрмеген хикметтер), Жастар бойында ұлттық идеологияны жаңғыртудағы ескерткіштердің рөлі», «Аппақ ишан – тарихи тұлға» жобаларына сарапшылар тарапынан оң баға берілді.  Сондай-ақ «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығы және Бірлік – Ордабасы мемориалды кешені аумағын абаттандыру және қазақ халқы тарихында ерекше рөл атқарған «Үш би» (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би) ескерткішін орнатуға арналған арнайы жоба мен Қазығұрт тау кешені (Қазығұрт тауы, Ақбура әулие, Ғайып Ерен Қырық Шілтен) аумағын абаттандыру жұмыстары бастау алды.

Облыс аумағындағы қасиетті, киелі орындар мен туристік маңызы бар ескерткіштерге арналған 21 бағыттағы туристік маршруттар ашылды.

Киелі жерлер туралы ақпарат алудың қолжетімділігін, туризм саласының әлеуетін арттыру мақсатында «ОҚО киелі орындары (ескерткіштері) геоақпараттық жүйеде» және «Оңтүстік Қазақстанның  киелі жерлері географиясы» жобалары бастау алды. Жоба аясында облыстағы 700 -ге жуық киелі нысандарға арнайы экспедиция жұмыстары жүргізіліп, ғылыми талдау жасалады, сондай-ақ  аудан, қалаларда орналасқан 100 монументті өнер туындысына QR-код бағдарламасы енгізілетін болады.

"Рухани қазына" кіші бағдарламасы аясында Сараптама Кеңесіне  ұсынылған 6 жоба қайта қарауға жіберілді,  ал 2 кіші жобаның  бұрын жарияланғандығы анықталып, тиісті ескертулермен қайтарылды. Олар:  

 1.«Қазақ ұлтының әулие ғұламаларының жауһарлары: Мұхаммед ибн Мұхаммед әш-Шымыр би-Алты Бармақтың «Алты Бармақ» (Дәләил нүбүууат Мухаммади) ХVғ. еңбегі».

2. «Қазақ ұлтының әулие ғұламаларының жауһарлары: Бекасыл Биболатұлының «Зикзал» еңбегі».

«Қасиетті Қазақстан» базалық бағыты бойынша 3 кіші жоба қоғамдық сананы жаңғырту мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келмейтіндігі ескертіліп, қайтарылды.

 

«Атамекен» кіші бағдарламасы бойынша Сараптамалық кеңесінің қарауына «Әлеуметтік бастамалар картасы» және «Жомарт жүрек» базалық бағыттары бойынша облыстық деңгейде іске асырылатын 9 кіші жоба  ұсынылды: «Табысқа апарар жол», «Білімге бастар жол», «Аялы алақан», «Алтын ұям», «Еріктілер корпусы», «Сенімді болашақ», «Туған жерді түлету – перзенттік парыз» өңір тумаларының слеті, «Оңтүстік – құт мекені» жыл сайынғы меценаттар форумы. «Алтын ұям» жобасының шеңберінде прагматизмге жол бермей, өзінде бар құндылықтарды тиімді пайдалану, бәсекеге қабілеттілікті таныту үшін әрбір өңір, елді мекендердегі жалпы орта білім, колледж және ЖОО бітірген түлектер өздері оқыған білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жаңғыртуға ынталандыру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде бірқатар білім беру нысандары оқу және спорттық инвентарьмен қамтылды.

Сонымен қатар, 2018 жылдан бастап туризм саласының дамуына үлес қосу үшін үш тілді еркін меңгерген, Оңтүстік өңірінің түпкі тарихы мен қасиетін білетін, гид ретінде жұмыс істеуге ниет білдірген еріктілерді дайындау мақсатында «Гид – волонтер» жобасы ұсынылды.

«Демеушілер тарапынан әлеуметтік қолдау» кіші жобасы аясында іске асырылатын іс-шаралар «Білім-қазына», «Денсаулық», «Жақыныңа жәрдемдес», «Атамұра»,  «Мәдени мұра», «Қоршаған орта», «Өзге жобалар» бағыттары бойынша бөлінген. 2018 жылғы жоспарға сәйкес 9 кіші жоба, 207 іс-шара іске асырылуда. Жоғарыда аталған жоба шеңберінде тұрақты меценаттар мен демеушілер есебінен әлеуметтік нысандар бой көтеріп, халық игілігіне пайдалануға  берілді. Жобаның өнімі – мұқтаж азаматтардың қажеттіліктермен қамтылуы, қалталы азаматтардың жеке қаражаты қоғам үшін пайдалы жұмсаулы болып табылады.

 «Әлеуметтік бастамалар картасы» базалық бағытының мақсатына сәйкес кіші отанның мәселелерін шешу бойынша іс-шаралар кешенінің жүйесі құрылған. Атап айтқанда, өңірлердегі шешімін таппай жатқан өзекті мәселелер жинақталып, «Атамекен» ҰКП арқылы кәсіпкерлерге  ұсынылды. Аумақтардың әлеуметтік белсенділігін арттырып, азаматтық жауапкершілікті арттыру мақсатында үкіметтік емес ұйымдар, еріктілер, азаматтар өз өңірлерінің дамуына үлес қосуға бағытталған өз жобаларын ұсыну қарастырылған.

«Табысқа апарар жол» жобасы аясында жастар  үшін өңір тумаларының табыста азаматтарын, өнер, білім, спорт, мәдениет салаларында белгілі бір жетістікке жеткен ұлы тұлғалар кездесулер мен шебер-сыныптар ұйымдастырып, жастардың бойында патриотизм сезімін қалыптастырып, туған өлкесінің көркеюі мен дамуына үлес қосуға ынталандыруда.

«Жомарт жүрек» бағытының негізгі мақсатына сәйкес тұрақты түрдегі меценаттармен демеушілердің әлеуметтік оң тәжірибесін таратып, марапаттау үшін жыл сайын 1 шілде – 15 тамыз аралығында аудан, қалалық деңгейде, 1 қыркүйек – 15 қазан аралығында облыстық, 1 қараша – 15 желтоқсан аралығында республикалық құттықтау рәсімі жоспарланған.

Демеушілер тарапынан іске асырылатын жобалар тізіміне діни мекемелер мен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясындағы нысандар құрылысы енгізілмеді.

Елбасының стратегиялық бағдарламасына 1 жыл толуы қарсаңында ОҚО Өңірлік  Сараптама  Кеңесінің бастамасы бойынша 2018 жылдың 2-7 сәуірі аралығында М.Әуезов атындағы  ОҚМУ-нің жетекші ғалымдары Шымкент қаласының жалпы білім беретін орта мектептерінің  жоғары сынып оқушыларының арасында (9-11 сыныптар) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаласының  концептуалдық негіздері мен басты идеяларын  түсіндіру, насихаттау  бойынша шолу дәрістерін  өткізді.  Бүгінгі жоғары мектептің алдыңдағы маңызды міндет-«Рухани жаңғыру» бағдарламасының методологиясын негіздеу болып табылады. Елбасының тың идеяларын жаңа нәтижелі деңгейде жүзеге асыру үшін жоғары оқу орындары қоғамдық сананы жаңғыртудың қозғаушы күші болуы тиіс. Осыған сәйкес университеттің жетекші ғалымдарынан құрылған ақпараттық-насихаттық топ бағдарламаның негізгі идеяларын насихаттаумен қатар, бағдарлама  аясындағы өңірдегі жүзеге асырылып жатқан жобалар, іс-шаралар туралы ақпараттарды да оқушыларға кеңінен   баяндады.  Бұл ауқымды іс-шараға қалалық білім бөлімімен бірлесіп құрылған желілік кестеге сәйкес Шымкент қаласындағы 128 жалпы білім беретін  мектебінің 29984 оқушысы қамтылды. Іс-шара туралы ақпарат  телеарналар мен мерзімді басылымдарда жарияланып, әлеуметтік желілерде таратылды.

Өңірдегі  жобаларға  сараптама жүргізу барысында келесі мәселелер  ескерілді:

- бағдарламаның мақсатына сай келмейтін кіші жобалар мен іс-шаралар Сараптама Кеңесінің  жоспарынан  шығарылды. Атап айтқанда, «Бабаларға тағзым велошеруі», «Салем саған, Астана!», «Пай-пай, шіркін қазақтың келіндері-ай!» атты тақырыбындағы іс-шаралар;

-        «Аджайл жүйесін» қолдану арқылы нақты, өзекті, қолжетімді, уақытылы, өлшемді сынды жобалық SMART- мақсаттарға негізделген жобалардың қалыптастырылуы;

-        бағдарламаны жүзеге асыруға мемлекеттік ұйымдар ғана емес, үкіметтік емес, қоғамдық ұйымдардың да тартылуы;

Қазіргі уақытта  «Нұр Отан» партиясының облыстық және аудандық, қалалық филиалдары «Туған жер-2017», «НОМАД олимпикс», «Ажарлы үй - ырысты» кіші жобаларын, облыстық Кәсіпкерлер палатасы «Әлеуметтік бастамалар картасы» кіші жобаларын жүзеге асыру топтарында  бірлесе жұмыс атқаруда.

 М.И.Сатаев,
М.Әуезов атындағы  ОҚМУ проректоры,
т.ғ.д., профессор.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ