Аспан асты, жер үсті 0 пікір 0 лайк

Кредитпен қалай ақша табуға болады?

Маусым 13 / 2018

 

Қазақстандағы тұрғындар көптен бері армандаған пәтерін, көлігін, техника немесе демалысын және тағы да басқа дүние-мүліктер алу үшін банктерден жиі қарыз алуда. Алайда, қалағаның қолыңа тие салысымен алғашқы салымның төлем уақыты да келіп жетеді. Осы кезде шығын туралы ауыр ойлармен қатар қарызды жабу туралы моральдық қанағаттанбаушылық туындай бастайды. «Біреуден аласың, өзіңдікін бересің» деген бұрыннан келе жатқан даналық бар. Мұның өзі банктен қарызды алғаннан бастап сезінген қуаныштың тез ұмытылатынын түсіндіреді.

 

Ал, біз бұл мақалада кезекті кредит сіздің өміріңізге жеңілдік және қосымша табыс әкелетіні жайлы айтып береміз!

Егер сіз банк қызметін пайдаланған болсаңыз, онда банктердің мерзімді түрде өз клиенттері арасында ұтыс ойындар өткізетінін байқаған боларсыздар. Осылайша, жолдама, техника немесе тағы басқа да жақсы нәрсе ұтып алуға болады. Бүгінде өзінің туған күнін тоғызыншы рет атап өтіп жатқан Банк ВТБ (Қазақстан) өз клиенттеріне ақша сыйлайтын болып шешті! Өйткені, қалай болса да, ақша – ең қалаулы сыйлық, әсіресе кредиті бар адамға.

Сонымен, егер Сіз кредиттен қосымша табыс тапқыңыз келсе, онда 2018 жылғы 21 мамырдан 31 шілдеге дейін ВТБ Банкте қарыз ресімдеуіңіз керек. Сонда автоматты түрде «Қалауыңа қадам бас» акциясының қатысушысы бола аласыз.

Бұл акцияның  аясында 18 ақшалай жүлде ұтысқа түседі, олар:  1 000 000  теңгеден  —  2 жүлде,   500 000  теңгеден —  2 жүлде және 100 000 теңгеден — 14 жүлде!

Келісесіз бе, егер Сіздің, мысалы, сомасы 3 000 000 теңге кредитіңіз болса, онда акцияның бас жүлдесі үлкен демеу болады және қарыздан жылдамырақ құтылуға көмектеседі. Керемет сыйлық демегенде, бұл — не?

– Кредит алу үшін тапсырысты үйден шықпай банктің сайтында толтыруға болады. Бүгінгі таңда  Банк ВТБ (Қазақстан) 5 жыл мерзімімен 4 000 000 теңгеге дейін қолма-қол ақшамен кредиттер ұсынады. Қарызды берген кезде өтінішті және құжаттарды қарағаны үшін комиссия алынбайды. Қосымша біздің клиенттерде қазір ақшалай жүлделердің бірінің иегері болуына мүмкіндік бар, – дейді Банк ВТБ (Қазақстан) Шымкент қаласындағы филиалының директоры Қанат Әліқұл. – Егер Сіздің басқа банкте кредитіңіз болса, онда ВТБ-да қайта қаржыландыра аласыз және де акция қатысушысы болу мүмкіндігін иеленесіз.

Айтпақшы, қайта қаржыландыру – бұл қарызды жеңілдетуге көмектесетін қызмет.  Біріншіден, бұл құралдың көмегімен Сіз пайыздық мөлшерлемені төмендете аласыз. Екіншіден, қайта қаржыландыруды бір банктегі бірнеше кредитті біріктіру үшін жиі пайдаланады. Бір отбасында бір уақытта бірнеше кредит болуы мүмкін. Бұл, әрине, ыңғайлы емес. Өйткені, әр кредит бойынша төлем күндері әртүрлі болып келіп, жаңылысып қалуыңыз да мүмкін. Егер Сіз қайта қаржыландырудың тиімді талаптарын тапсаңыз, ең жақсысы - барлық қарыздарды бір жерге біріктіру арқылы ақшаны ғана емес, кредитке қызмет көрсету уақытын да үнемдейсіз. Тағы бір жиі кездесетін себеп – үлкен кредит алу мақсатымен қайта қаржыландыру. Яғни Сіз бір банктегі кредитті жабу үшін басқа банктен ақша аласыз, онда Сізде басқа қажеттілігіңізге де қаражат қалады. ВТБ-дағы қайта қаржыландырудың талаптары тұтынушылық кредитті ресімдеуімен бірдей - 5 жыл мерзімімен 4 000 000 теңгеге дейін.

Жалпы алғанда, егер Сіз кредит аламын деп шешсеңіз, оны Банк ВТБ (Қазақстаннан) алыңыз. Өйткені, мұнда мерзімнен бұрын өтеуге көп мүмкіндік туындауда.  Соның бірі – «ҚАЛАУЫҢА ҚАДАМ БАС» акциясы туралы толық ақпаратты мобильді телефоннан 5050 нөмірі бойынша алуыңызға болады.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ