Аспан асты, жер үсті 0 пікір 0 лайк

Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері

Маусым 12 / 2018

 

Бұл Жолдаудың негізгі мазмұны қазіргі жаһандық жағдайда әлем елдерінің көшінен қалмай, ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін Ғылыми-техникалық, ақпараттық-технологиялық салаларды дамыту және адами капитал – жаңғыру негізі екендігін атаған. Жолдау жолдарында көрсетілген өзекті мәселелердің барлығы жаңа заманға лайықты даму бағытында оң өзгерістер мен дамуға бастайтын маңызды бағыттар. Еліміздің қарқындап даму мүмкіндіктері зор. Өйткені, Қазақстан – Еуропа мен Азияның арасындағы «Алтын көпір» сияқты мемлекет. Геосаясатта орналасу жағдайы, табиғат байлықтары мен қарым-қатынас жасайтын көршілес мемлекетері бар. Қолайлы мүмкіндіктері де жеткілікті. Дипломатияда көпвекторлы сыртқы саясатты алыс және жақын шетелдермен мықтап орнатқан мемлекет.

Осы жолдауда аталған 10 басым және маңызды бағыттардың барлығы жаңа заман талабына сай, елді дамытуға бағытталған қадамдар.

Енді, Президент Жолдауында аталған тапсырмаларды елімізде әрбір саланың мамандары жүзеге асыруы қажет. Оған қоса мемлекет барлық саланы қадағалап, оған бөлінген қаражаттың нәтижесін сұрап, есебін алып отыруы тиіс. Тек, сонда ғана өркениетті елдер сияқты мемлекеттің ілгерілеп дамуы болады.

Жолдаудың аты айтып тұрғандай, Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері қандай? Бұл – Елбасы Президенттің 2030 және 2050 жылдарға арналған стратегиялық дамуларының жүзеге асырылуы, екінші жағынан мүлде жаңа деңгей, мүлде жаңа дүниетаным, мүлде жаңа міндеттер алға шығып тұрғандығын көрсетеді. Осы жылдарда бүкіл дүниежүзілік ғаламдық процестер күтпеген қозғалыстарға, ерекше өзгерістерге түсіп жатыр. Сол өзгерістердің өзі Төртінші индустриялық революцияны тездетіп жіберіп отыр. Соған сәйкес, қазіргі кезде бүкіл қоғам алдында, болашақ ұрпақ алдында жаңа сапалық даму тұр. Оның басты тармағының бірі – цифрландыру. Яғни, ғаламдық дәрежедегі құбылыстардың өте жіті және белсенді түрде дами отырып, өзінің қатаң талаптарын ұсынатыны да белгілі. Оларды қысқа мерзімде игеру үшін адамдардың қандай мүмкіндігі болуы керек? Міне, Елбасы жариялаған он бағыттың маңыздылығы да осында.

ЖЕТІНШІ. Адами капитал – жаңғыру негізі.

Соған қысқаша тоқталсам. Өнеркәсіптік, технологиялық, жаңа жұмыс орындық еңбек процесінің өзгерістерін, жаңалықтарын, жобаларының бәрін жасайтын – адам. Тек білімді адам жасай алады. Енді бұған біздің кешегі дәуірдің кешегі өтіп кеткен заманымыздың білімі жете ме, жетпей ме? Мәселе осы тұрғыдан да қаралуы тиіс. Яғни, алдымызда жаңа сапалы білімге тез бейімделу міндеті тұр. Әсіресе, жас ұрпақ жаңа кезең алдында.

СЕГІЗІНШІ. Тиімді мемлекеттік басқару.

Мемлекеттік әкімшілендіру кезінде кәсіпкерлер мен тұрғындардың шығындарын қысқартуға байланысты жұмыстарды жалғастыру қажет.

Осыған орай бизнесті реттеуге қатысуды әрі қарай азайтуға бағытталған заң қабылдауды жылдамдату керек.

"Бір терезе" қағидаты бойынша бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету үдерістерін цифрландыруды қамтамасыз ету қажет.

Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің интеграциясы "бір өтініш" қағидаты бойынша жекелеген мемлекеттік қызмет көрсетуден кешенді қызмет көрсетуге көшуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар табиғи монополия субъектілері көрсететін қызметтерінің сапасын арттыру жөніндегі жұмысты жалғастыру керек екендігін атап өтті.

ТОҒЫЗЫНШЫ.  Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі.

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мəселелердің бірі. Сыбайлас жемқорлық – мемлекетті ішінен жоятын, бүкіл жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп əкелетін қатерлі дерт. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі – осы дертпен күресу. Бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға бүкіл қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан əрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана қол жеткізе аламыз.

Елбасымыз аталған Жолдауда «Жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрес жалғаса береді. Көп жұмыс істеліп жатыр. Соңғы 3 жылда ғана жоғары лауазымды шенеуніктер мен мемлекеттік компаниялардың басшыларын қоса алғанда, жемқорлық үшін 2,5 мыңнан астам адам сотталды. Осы уақыт ішінде олардың 17 миллиард теңге көлемінде келтірген залалы өтелді» деп атап көрсетті.

Сонымен бірге, жемқорлықты азайту үшін мемлекеттік органдардың халықпен және бизнес құрылымдарымен қарым-қатынасын цифрландырып, электронды форматқа көшіру керектігін атап өтті. Үкіметке қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында көшелерде және адам көп жиналатын қоғамдық орындарда бейнебақылау жүргізетін, азаматтарды анықтайтын және жол қозғалысын қадағалайтын интеллектуалды жүйелерді белсенді түрде енгізуді тапсырды. Сондай-ақ, қылмыстық заңнаманы барынша ізгілендіріп, тергеу үдерістері кезінде азаматтардың құқықтарын қорғауға жағдай жасау мәселесіне баса назар аударды.

М.Әмірбеков

Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті

және тұтынушылардың құқықтарын  қорғау

комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы

бойынша  департаментінің басшысы 

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ