Рухани жаңғыру 0 пікір 0 лайк

Биік белеске үндеген құжат

Маусым 12 / 2018

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында еліміздің алдында тұрған технологиялық экономикалық, әлеуметтік салалардағы қарқынды өзгерістердің келесі міндеттерін нақты белгілеп берді.

Бүгінгі таңда жас құрақтай желкілдеп өсіп келе жатқан жастарымыздың жан-жақты ізденістері көңілге үміт сәулесін себеді. Заманауи техникаларды көрсем, игерсем деген талаптары зор. Жаңалықтарға жаны құмар, әрі оған бейім. Білсем, үйренсем деген қызығушылығы жоғары. Алайда бастан өткеріп отырған бүгінгідей жаһандану дәуірінде жетістікке жету жолдарын табу, дамудың жаңа сапасына көтерілу оңай емес. Сондықтан да әлемдік дағдарыстар мен ықтимал сын-қатерлерді еңсерудің басты кілті, бірден-бір кепілі – төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін кеңінен енгізу қажеттілігін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап көрсетіп, жұртшылық назарына негізгі он қағидатты ұсынды, соларға екпін берді.

Негізінен Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған кез-келген мемлекеттік бағдарламалық басты мақсаттары айқын. Бұл – елімізді жаңа сатыға көтеру, инновациялық мүмкіндіктерді пайдалану арқылы халықтың жағдайын жақсарту, заманға лайық сапалы білім беру, ғылым мен экономиканы, аграрлық өндірісті жаңа заман талаптарына бейімдеу, адами капиталды дамыту сынды маңызды мәселелерді қамтиды.

Өткен жылы Қазақстанның Үшінші жаңғыруы бастау алды. Индустрияландыру бағдарламасы табысты іске асуда. «Цифрлы Қазақстан» кешенді бағдарламасы қабылданды. Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі дамуының кешенді стратегиялық жоспары жасалды. Мұның бәрі де Елбасының сындарлы саясатының арқасы екенін бәріміз білеміз.

Саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің арқасында ұзақ мерзімді мақсаттарымыз жүзеге асып, таңдау бағытымыз барынша баянды болып отыр. Бәріміз де ертеңіміздің бүгінгіден жарқын болуын қалаймыз. Сондықтан да жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылу-асыл мұратымыз екеніне дау жоқ. Оған жетуге тәуелсіз Қазақстанда барлық алғышарттар қалыптасқан. Ал, Жолдау биік белестерге жетелеп, тың серпілістерге құлшындырады. Жолдауда айтылған маңызды міндеттердің бірі - адами капиталды дамыту. Сапалы білім беру, рухани құндылықтарды дәріптеу-тұлға қалыптастырудың негізі. Сол себепті облыстық тарихи-өлкетану музейі де бұл тұрғыда қолда бар мүмкіндіктерді пайдалана отырып еңбек етуде. Болашақ тарихшылар жоғары оқу орнында алған білімін онан әрі жетілдіріп, біздің музейде іс-тәжірибеден өтіп, теориялық білімін онан әрі шыңдай алады. Білімді мақсаты бар ел ғана бәсекеге қабілетті бола алатыны белгілі жайт.

Жолдау талаптарын орындау – барша Қазақстандықтардың абзал борышы. Елбасы айтқандай «біз жаңа заманға сай болу үшін Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы тарихи өрлеу бастауында тұрған біртұстас ұлт болуымыз керек».

Гүлнәр АРЕНОВА,

облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ