Аспан асты, жер үсті 0 пікір 0 лайк

ХҚТУ-ға жаңа ректор келді

Маусым 12 / 2018

Түркістандағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры ауысты. Енді бұл қызметті профессор Болатбек Әбдірәсілов атқаратын болады.

Оқу орнының жаңа басшысын ұжымға ҚР Білім және ғылым вице-министрі, халықаралық қазақ-түрік университеті Өкілетті Кеңес төрағасының орынбасары Бибігүл Асылова таныстырды.

Айта кетейік, Болатбек Серікбайұлы еңбек жолын 1986 жылдан бастаған. Бүгінге дейін ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің төрағасы қызметін атқарды. Биология ғылымдарының докторы, физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессордың ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Білім және ғылым министрлігі, ҚР Президенті Әкімшілігінде де еңбек етті. 2012-2016 жылдары ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры болды. 2017 жылдың 24 наурызынан бастап ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы Ғылым комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

Болатбек Серікбайұлына жаңа қызметінде де сәттілік тілейміз.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ