Руханият 0 пікір 1545 лайк

«Жақсылар, дастан айтайын...» байқауына орай

Маусым 12 / 2018

 

Шәкіртім тағы да қатыса ала ма?

 

– Құрметті редакция! Былтыр «Жақсылар, дастан айтайын...» байқауына қатысқан оқушымды биыл тағы да даярласам бола ма? Жыр жаттауға бейім оқушының жыл сайын байқауға қатысуына рұқсат етіле ме?

Алуа ЖАҢАБАЕВА, С.Кәттебеков атындағы орта мектебі қазақ тілі және
әдебиеті пәнінің мұғалімі. Шардара ауданы, Алатау батыр ауылы.

Редакциядан:

– Алуа ханым, оқушыңыз батырлар жырынан өтетін байқауға міндетті түрде қатыса алады. Өйткені, өткен жылы «Қамбар батыр» жырынан байқау болса, биыл «Алпамыс батыр» жыры таңдалып отыр. Ескерте кететініміз, былтыр байқауда жүлде алған оқушылардың да биыл екінші қайтара бағын сынап көруіне рұқсат етіледі. Өйткені, тақырып екі басқа. Екі жырды жаттау дегеніңіз ұшан-теңіз еңбек. Бұл оқушыдан да, мұғалімнен де қыруар еңбекті, табандылықты, төзімділікті талап етеді.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ