Руханият 0 пікір 0 лайк

Кішкентай көрермендерге үлкен сый

Маусым 12 / 2018

 

Балалардың сүйікті кейіпкерлері көгілдір экранға қайта оралды! Ерекше мырза мен оның отбасы жайлы «Суперотбасы 2» мультфильмі 14 маусымнан бастап көпшілікке жол тартпақ. Режиссер Бред Бердтің туындысын қазақша сөйлеткен – отандық кинорежиссер Шах-Мұрат Ордабаев.

 

Фильмде бас кейіпкерлердің бірі Шастикті Дидар Құралбаев, Виолеттаны Айкөркем Әділгереева, ал, эксцентрлік дизайнер Эдна Модтың кейіпкерін Шах-Мұрат Ордабаев дыбыстаған.

Анимациялық фильмнің жалғасында балалардың сүйікті кейіпкері Мистер Ерекше мен оның отбасы әлемді апаттан құтқарады. Шытырман оқиғалы мультфильм – «Болашақ» корпоративтік қорының қазақ тіліне дубляждаған 24-ші фильмі. Ал, режиссер Шах-Мұрат Ордабаевтың «Коконың құпиясы», «Галактика сақшылары. 2-бөлім», «Өрмекші адам. Қайта оралу» секілді анимациялық фильмдері кішкентай көрермендерге етене таныс.

Айта кетейік, аталмыш мультфильмнің премьерасы Шымкент қаласындағы мегаорталықтың «Кинопарк» кинотеатрында 15 маусым күні сағат 18.00-де өтеді.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ