Аспан асты, жер үсті 0 пікір 0 лайк

Жолдау -- жолбасшымыз

Маусым 11 / 2018

Ел Президентінің жыл сайынғы халыққа Жолдауы-еліміз үшін маңызды саяси оқиғалардың бірі. Елбасы биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында бүгінгі күнгі өте маңызды он саланы белгілеп берді.

 

Жаңа мақсаттар мен міндеттердің жаңа мүмкіндіктеріне жол ашатын бұл Жолдау халықтың болашаққа деген сенімін нығайтты. Жолдау біріншіден «Қазақстан-2050», даму стратегиясына, 100 нақты қадам Ұлт жоспарына негізделіп, 10 нақты міндетті алға қойып отыр. Мемлекет басшысы қойылған міндеттердің әрқайсысына дәл түсініктеме бере отырып, оның болашақтағы тиімділігі мен нәтижесі тоқталған. Сондай-ақ онда ел дамуының әр саласындағы өзекті мәселелер қамтылған. Жолдауда айтылған тапсырмалар – кез келген салада жүзеге асырылатын жұмыстардың айқын көрінісі. Оның басты тармағының бірі – цифрландыру. Осы орайда Оңтүстік Қазақстан облысы қорғаныс істері жөніндегі Департаментінің жеке құрамы Елбасының Жолдауымен жан-жақты танысып, қолдау көрсетуде. Сондай-ақ ОҚО қорғаныс істері жөніндегі департаментінің әскери қызметшілері Мемлекет басшысының жыл сайынғы халыққа Жолдауын ықыласпен қабылдады. Жолдаудың маңызы мен оның ерекшеліктеріне тоқталып, жеке ой-пікірлерін ортаға салды.

Осы бағытта жергілікті әскери басқару органдарында да цифрландыру жүйесіне енгізу қолға алынған, атап айтса азаматтардың әскери есебі орталықтандырылған цифрлік жүйеге ауыстырылды. Қорғаныс істері жөніндегі басқарма мен бөлімдерінен халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері «Азаматтарға арналған Үкімет» корпорациясының ортақ жүйесіне қосылып, электронды түрде жүргізіледі. Көрсетілетін әрбір қызмет түрі орталықтандырылған түрде компьютер арқылы бақылауда ұсынылады. Бұл халыққа ұсынылатын қызмет түрлерінің сапасының артуына көптен септігін тигізуде.

Ал Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері заманауи талаптарға сай, жаңа цифрлық технологиялармен жабдықталған қару жарақ және әскери техникамен толықтыруда. Осының бәрі Елбасының халыққа Жолдауын орындау бойынша атқарып жатқан шаралардың бірі.

«Біз жыл сайынғы Елбасы Жолдауын үмітпен күтуге дағдыландық. Ол-біздің болашағымыз, мемлекетіміздің жарқын болашағы. Әр жыл берілетін Жолдаулар мүлде бір-біріне ұқсамайды. Әр жылдың өзіндік ерекшелігі мен алар асуы болады. Биылғы Жолдауында Ел Президенті- Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғары бас Қолбасшысы ең дамыған 30 елдің қатарына кіру жолындағы еліміздің 10 негізгі міндетін белгілеп берді. Осы міндеттің барлығында цифрландыру бағыты анық көрсетілген. Бұл- біздің экономикамыз үшін үлкен тәуекел. Біз Жолдауды қолдай отырып, оны жүзеге асыруға әрбір Қазақстанның азаматы өз еңбегімен, өз қызметімен өз үлесін қосатындарына үлкен сенім білдіремін».

Бір сөзбен айтқанда, Жолдаудың мақсаты айқын. Оны жүзеге асыруға барлық қазақстандық атсалысады деп сенемін.

Т. Әліқұлов,

Оңтүстік Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі Департаментінің бастығы.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ