Руханият 0 пікір 1538 лайк

«Жақсылар, дастан айтайын...» байқауына орай

Маусым 09 / 2018

 

Жырдың қай нұсқасын таңдаймыз?

 

– Құрметті бас редактор! Өткен жылы «Жақсылар, дастан айтайын...» байқауынан кеш қалып, оқушымды қатыстыра алмаған едім. Биыл «Алпамыс батыр» жырынан байқау өтетінін естіп, қуанып қалдым. Бұл жырдың бірнеше нұсқасы бар емес пе? Соның қай нұсқасын жаттау қажеттігін білгім келеді.

Бибайша БЕЙСЕТАЕВА, Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясы қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі. Шымкент қаласы.

Редакциядан:

– «Алпамыс батыр» жырының бірнеше нұсқасы бар. Олардың ішінде жыршы Сұлтанбек Аққожаевтың жазып алған нұсқасы «Алпамыс батыр» жырларының ішіндегі ең толық әрі көркем түрі болып табылады. Газетіміздің 2018 жылдың 19 мамырындағы №80-81 санында жырдың нұсқасынан үзінді бердік. Ал, жырдың толық мәтінін газетіміздің WWW.OKG.KZ сайтынан алуға болады. Талапкер шәкіртіңізге сәттілік жолдас болсын!

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ