Келес халқын мерекесімен құттықтады

Маусым 09 / 2018

 

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Елбасы Жарлығына орай өңірде жаңа аудандардың құрылуына байланысты Келес ауданының орталығы Абай ауылындағы орталық стадионда өткен салтанатты шараға қатысты.

 

Тарихи жиында алғашқы болып сөз алған өңір басшысы Жансейіт Қансейітұлы ауданның бөлінудегі маңызына тоқталып, жергілікті жұртқа құттықтауын жеткізді.

«Бүгін біз өздеріңізбен аса бір үлкен тарихи оқиғаның куәгері болудамыз. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халық тілегін орындап, еліміздегі ең үлкен ауданды екіге бөліп берді. Кезінде Келес ауданының даңқы мақта өндіру саласындағы жетістіктерімен бүкіл Кеңестер одағына танылды. Осы салада бұл өңірден көптеген Социалистік Еңбек Ерлері шықты. Бұл аудан Өзбекстанның 5 ауданымен шекараласады. Халқының саны 350 мыңнан асты. Елбасымыздың үлкен стратегиялық маңызы бар шешімімен қайта қалпына келтіріліп жатқан Келес деп аталатын аудан барлығымызға құтты болсын» деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, салтанатты шарада өңір басшысы Жансейіт Түймебаев аудан үшін тер төгіп, еңбек еткен азаматтарды «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен, облыс әкімінің грамотасымен және Алғыс хатымен марапаттады.

Айтулы тарихи күнде отандық эстрада жұлдыздарының концерті ұйымдастырылып, жергілікті жұртқа мерекелік тарту жасалды.

P.S. Бұдан кейін облыс әкімі Мақтаарал ауданына барады деп күтілуде. Өңір басшысының аудандарға сапары туралы материалды газеттің келесі санынан оқисыздар.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ