Рухани жаңғыру 0 пікір 0 лайк

Қоғамдық кеңес құрылды

Маусым 03 / 2018

 

Дамира МОЛДАНАЗАРОВА, «Оңтүстік Қазақстан».

Өңірде Елбасының бес әлеуметтік бастамасының орындалу барысын бақылайтын қоғамдық кеңес құрылды. Кеңес төрағалығына облыстық мәслихаттың депутаты Л.Тәшімов сайланды. Қоғамдық кеңестің басты міндеті – бес әлеуметтік бастаманың облыста орындалуына қоғамдық бақылау жасап, мониторинг жүргізу. Сондай-ақ, тұрғындарға бағдарламаны кеңінен түсіндіріп, тиісті шараларды ұйымдастырады. Проблемаларды анықтап, оларды шешуде құзырлы органдарға ұсыныс беруге құқылы. Кеңес мүшелігіне зиялы қауым өкілдері, облыстық мәслихат депутаттары, сарапшылар мен жетекші саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің басшылары енді.

 

– Елбасының бес әлеуметтік бастамасы тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған. Осы бастама бойынша қолға алынған істер өз дәрежесінде атқарылар болса тұрғындардың әл-ауқаты одан әрі жақсара түсері сөзсіз. Сондықтан жаңадан құрылған қоғамдық кеңес Мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалуын қадағалап, жұмыстың сапалы әрі толыққанды жүргізілуін бақылауға алады, – деді «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Н.Жолдасов.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы А.Сәбитов, ҚР Ұлттық банкі облыстық филиалы директорының орынбасары Б.Әлімбекова, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі облыстық филиалы директорының орынбасары М.Қоспанов Елбасының бес әлеуметтік бастамасын іске асыруда атқарылып жатқан жұмыстары туралы баяндады. Басқосуда бірқатар мәселелер көтеріліп, ұсыныстар айтылды.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ