Заң-заман 0 пікір 1482 лайк

ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛДЕР БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРДІ

Маусым 01 / 2018

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті  Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ОҚО бойынша филиалымен бірлесіп мемлекеттік қызметшілердің әдептілік денгейін жетілдіру бағытында облыстағы Әдеп жөніндегі уәкілдерге арналған 2 күндік оқыту семинарын өткізді.

 

  Семинарды департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ә.Көмекбаев ашып, ұжымдағы психологиялық-моральдық климатты қалыптастыру бағытындағы әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің үздік тәжірибелеріне сәйкес келетінін атап өтті.

Семинарда департамент басшысының орынбасары Ғ.Асанұлы, Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері -  облыстық әділет департаментінің басшысы О.Тастанов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты ОҚО филиалының директоры А.Ахметов, жергілікті атқарушы органдардың Әдеп жөніндегі уәкілі Ә.Әлішев, психология ғылымдарының докторы Г.Аяпбергенова және психолог З.Елемесова дәріс оқыды.

Ашық пікірталас түрінде өткен шара барысында мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттары, Әдеп жөніндегі уәкілдердің негізгі функциялары мен олардың қызметін үйлестіру, мемлекеттік қызметшілердің әдебі мен корпоративтік мәдениеті, көпшілік алдында сөйлеу және БАҚ-қа сұқбат беру әдебі, шиеленіс кезіндегі стресске төзімділік және тағы басқа мәселелер талқыланды.

Семинар қорытындысында барлық әдеп жөніндегі уәкілдерге арнайы сертификаттар табысталды.

Айта кетейік, Әдеп жөніндегі уәкіл институты 2016 жылы Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында енгізілген.

Д.ЖҮСІПОВ.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ