Заң-заман 0 пікір 1475 лайк

«МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ – МЕНІҢ ТАҢДАУЫМ»

Мамыр 29 / 2018

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаменті мен облыстық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен студенттер арасында «Мемлекеттік қызмет – менің таңдауым» тақырыбында «Брейн-ринг» интеллектуалды ойыны өтті. Сайысқа облыстың жоғарғы оқу орындары мен кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарында білім алатын жастар қатысты.

 

Өңірдегі 6 жоғарғы оқу орнынан суырылып шыққан 4 команда мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаларды білуден бөлек, таныстыру, мемлекеттік қызмет заңнамалары бойынша тестілеуден, сұрақ-жауап және капитандар арасындағы жарыстан сынға түсті.

Интеллектуалды ойынға департамент басшысының орынбасары Ғ.Асанұлы, департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Г.Зейнулла, «ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК ОҚО бойынша филиалының директоры З.Қабылбекова және облыстық Арнайы мониторингтік топтың мүшесі А.Орынбек төрелік етті.

Нәтижесінде, бірінші орынды «Қырандар», екінші орынды «Ақиқат», үшінші орынды «Тарбағатай» командалары иемденді. Бұған қоса, жеңімпаз команда департамент жанынан құрылған мемлекеттік қызмет мектебіне жолдама алды.

Д.ЖҮСІПОВ.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ