ОТЫРАРДА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

Мамыр 26 / 2018

   Отырар ауданы Ақтөбе ауылында 240 орындық Әуесбек Қамбаров атындағы заманауи спорт кешені пайдалануға берді.

     Кәсіпкер Есбол Қамбаров құрылыс жұмыстарын аз уақыт ішінде аяқтап, ауыл тұрғындарын қуанышқа кенелтті.

Спорттық нысанның ашылуына аудан әкімі Ерлан Айтаханов қатысып, жомар азаматтарға алғысын айтты.

    - Бүгін күш атасы Қажымұқан атамыздың туған жері Ақтөбе ауылында халық игілігі үшін жасалған тағы бір жақсы істің куәсі болып тұрмыз. Елбасымыздың  «Болашаққа  бағдар  -  рухани  жаңғыру» бағдарламасы аясында туған  жерге қолдау көрсетіп жүрген азаматтар баршылық. Бүгінгі жерлесіміздің салып отырған спорт кешені де салауатты өмір салтын ұстанатын, болашақта халықаралық жарыстарда топ жаратын жастардың қатарын арттырып, ел игілігі үшін қалтқысыз қызмет етеді деп ойлаймын,-деді Е.Айтаханов. 

      Ауыл тұрғындарының алғысына бөленген жомарт азаматқа ел ағалары да ат мінгізіп, иығына зерлі шапан жапты.

       Спорт кешенінің ашылу рәсімінен соң тыл ардагері Әуесбек Қамбарұлын еске алуға арналған воллейболдан облыстық біріншілікпен жалғасын тапты.

Отырар ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

 

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ