KADEX көрмесі жұмысын бастады

Мамыр 24 / 2018

 

«Елорданың халықаралық әуежайының әскери секторы аумағында V халықаралық «KADEX-2018» қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесі өз жұмысын бастады. Көрменің ашылу рәсіміне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысуда» деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Оған Беларусь, Бельгия, Болгария, Бразилия, Германия, Израиль, Үндістан, Испания, Италия, ҚХР, Нидерланды, РФ, АҚШ, Сербия сияқты әлемнің 28 елінің 318 кәсіпорыны өз өнімдерін ұсынады.

Бұл көрме 2010 жылдан бері өткізіліп келеді және осы уақыт аралығында қорғаныс өнеркәсібі өнімдерін өндірушілер мен тұтынушылар арасында өзара оңтайлы байланысты орнату мен дамытуға қолайлы жағдай жасауға, қорғаныс күштерін технологиялық тұрғыда жаңғырту мәселелері жөнінде тәжірибе алмасу үшін тиімді алаңға айналды.

Көрме аясында «Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық форумы, «Cyber and Dіgіtal Securіty» және «Advanced Def Tech» конференциялары өтеді. Аталған шаралар барысында әлемнің түрлі елдерінен келген мамандар мен сарапшылар қорғаныс өнеркәсібі, әскери-техникалық ынтымақтастық, ғарыш қызметі мен ақпараттық қауіпсіздіктің маңызды мәселелері төңірегінде пікір алмасып, заманауи кезеңдегі киберқорғаныс жөніндегі сауалдарды талқылайды.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ