Аспан асты, жер үсті 0 пікір 0 лайк

Конкурс өткізіледі

Мамыр 23 / 2018

24.04.2018-ғы № 07/3485 шығыс хаты

24.04.2018-ғы № 1201 кіріс хаты

«Оңтүстік Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік» туралы»   ҚР Заныңа сәйкес екі кезеңдік конкурстық процедураларды пайдалана отырып, жекеше әріптесті анықтау бойынша мына жобалар бойынша конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды:

1. ОҚО Шымкент қаласы,  Самал-3 мөлтек ауданына мүмкіндігі шектеулі азаматтарға  арналған 200 орынык оңалту орталығын салу және пайдалану.

Жоба іске асырылатын орын: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан  облысы, Шымкент қаласы, Самал-3 мөлтекауданы, жер телімінің алаңы – 1,2 га.

Жобаны жүзеге асыру жүйесі (саласы):

Жоба әлеуметтік қорғау саласында жүзеге асырылады.

Мақсаттары мен міндеттері:

Мақсаты:

- мұқтаж мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызметтер мен оңалту шаралармен қамтамасыз ету;

- жобаның міндеттері:

1. Стандарттарға сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысындағы 200 мүмкіндігі шектеулі азаматтарға оңалту орталығын салу және әлеуметтік қолдау көрсету үшін қажетті жағдайлар жасау.

2. Нысандарды заманауи оңалту құралдармен жабдықтау.

3. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың кешенді оңалту шараларға  қол жетімділігін жоғарылату.

4. Оңалту шаралардың сапасын жоғарылату.

Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге арналған техникалық тапсырма №1 қосымшада қоса беріледі.

Жүзеге асыру мерзімдері мен кезеңдері:

- салу кезеңі -2018 жыл

- пайдалану кезеңі – 2019 жыл

- жобаны пайдалану кезеңі -10 жыл

Құрылыстың бұл мерзімдері бағдарлық және  болжамдық болып табылады.

Қатысу шарттары:

Бір немесе бірнеше жобалар бойынша конкурсқа қатысуға тілек білдірген әлеуетті жеке әріптестер 2018 жылғы 24 маусымына дейін «Оңтүстік Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ техникалық тапсырмасына сәйкес әзірленген техникалық ұсынысты, сондай-ақ біліктілік іріктеу жүргізуге негіз болатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынулары қажет.

Конкурсты ұйымдастырушының мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі, 20-А, 5 кабинет, тел. 8-705-901-13-91, 8-7252-30-10-42 Шұхрат Момынұлы Абдрашитов.

Конкурс ұйымдастырушының атауы: «Оңтүстік Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

Конкурсқа қатысуға арналған техникалық тапсырманы, сондай-ақ конкурстың біліктілік талаптарын Әлеуетті жекеше әріптестер мына мекенжайдан ала алады: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі, 20-А, 5 кабинет, тел. 8-705-901-13-91, 8-7252-30-10-42 Шұхрат Момынұлы Абдрашитов.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ