ОҚМУ ректорымен кездесті

Мамыр 22 / 2018

 

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев ҚР Білім және ғылым вице-министрі Талғат Ешенқұлов пен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры қызметіне жаңадан тағайындалған Дария Қожамжаровамен кездесті.

 

Кездесу барысында тараптар Елбасы міндеттеген жоғары білім берудің сапасы мен қолжетімділігін арттыру жайын және студенттерді жатақханамен қамту мәселелерін қозғады.

Осы ретте өңір басшысы Елбасы биылғы Жолдауындағы жетінші міндетінде білім берудің сапасына тоқталғанын айтып, осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті. Сонымен бірге облыс әкімі университет ректорының жұмысына сәттілік тіледі. Бүгінде М.Әуезов атындағы ОҚМУ Қазақстандағы ең үздік 20 жоғары оқу орнының ішінде алдыңғы үштікте екенін атап өтті.

Айта кетейік, Дария Пернешқызы ЖОО ректорларын тағайындау жөніндегі республикалық конкурстық комиссияның шешімімен тағайындалды.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ