Әлеумет 0 пікір 0 лайк

Тұрғындардың пікіріне арналған зерттеу

Мамыр 22 / 2018

 

«Береке» қоғамдық бірлестігі «Шымкент қаласының тұрғындарына көрсетілетін муниципалдық қызметтердің сапасына салыстырмалы талдау» зерттеу жобасы шеңберінде қоғамдық форум өткізеді. 2018 жылы 1 маусымда сағат 10.00-де Әл-Фараби аудандық әкімдігінің мәжіліс залында өтетін форумға қала тұрғындары, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар, қызметтерді жеткізушілер шақырылады.

 

Бұл зерттеуді «Береке» қоғамдық бірлестігі Дүниежүзілік банктің тапсырысымен Шымкент қаласы әкімдігімен серіктестікте 2017 жылдың желтоқсанынан бастап жүргізуде.

Жоба аясында Шымкент қаласында көрсетілетін қызметтерге, атап айтқанда: су, кәріз жүйесі, жарық, газ, қатты тұрмыстық қалдықтар және қоғамдық көліктерге тұрғындардың қаншалықты қанағаттанатындығына мониторинг жасалды. Зерттеуді жүргізу үшін азаматтардың пікірлерін ескеру сауалнамасы секілді құралдар пайдаланылды. Шымкент қаласының әр ауданынан 600 тұрғын сауалнаманы толтыру арқылы жоғарыда көрсетілген қызметтерге қатысты өз пікірлерін білдірді. Жағдайды тереңірек зерттеу үшін қызметтерді жеткізу үрдістеріне қатысты ұйымдар мен олардың өкілдеріне қосымша фокус топтар өткізілді. Барлық жиналған деректемелер талданды және нәтижесі қоғамдық форумда жұртшылық назарына ұсынылады.

Бұл зерттеу мемлекеттік мекемелерге, қызметтерді жеткізушілерге саладағы күшті және әлсіз жақтарын анықтауға және оны жақсарту үшін бірлесіп шара қолдануға мүмкіндік береді.

«Оңтүстік»-ақпарат.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ