Гүлісхан – 6 дүркін чемпион!

Мамыр 22 / 2018

 

Ғабит САПАРБЕКОВ, «Оңтүстік Қазақстан».

Жуырда Алматы қаласында шахматтан әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Кіл мықтылар жиналған бәсекеге 2 халықаралық дәрежедегі гроссмейстер, 2 халықаралық дәрежедегі және FІDE-нің 3 спорт шебері қатысты. Шаршы тақтадағы ақыл-ой мен төзімділіктің тартысында шымкенттік Гүлісхан Нахбаева 9 ойыннан 8 ұпай еншілеп, Қазақстан Республикасының 2018 жылғы чемпионы атанды.

 

Осы жеңісінен кейін Гүлісхан ересектер арасындағы ел біріншілігіндегі алтын медальдар санын 6-ға жеткізді. Әйелдер арасында Қазақ-станның тұңғыш халықаралық дәрежедегі гроссмейстері, Азияның 3 дүркін жеңімпазы және күміс жүлдегері, Универсиада чемпионы және өзге де байрақты бәсекелердің жүлдегері атанып үлгерген Гүлісхан елімізде ең таңдаулы шахматшы екенін тағы да дәлелдеді.

Ерлер арасында халықаралық дәрежедегі гроссмейстер Мұртас Қажғалиев чемпион атанды. Ол 11 ойыннан 8 ұпай еншіледі.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ