Әлеумет 0 пікір 0 лайк

Адалдық абырой әпереді

Мамыр 19 / 2018

 

Экономика мен әлеуметтік салаларды реформалауда мемлекетіміз іргелі табыстарға қол жеткізді. Ұтымды әрі кезең-кезеңімен жүйелі түрде жүргізіліп жатқан қомақты іс-шаралардың оң нәтижелері, Елбасымыздың таңдаған бағыт-бағдарларының дұрыстығы халықтың сенімін нығайтуда.

 

Еліміз егемендік алған алғашқы күннен бастап, мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтің қазіргі заманғы тиімді жүйесін қалыптастыру басты назарда болды. Осы орайда Елбасы «Қазақстан - 2050» Стратегиясында мемлекеттілікті одан әрі нығайту халыққа және елге қызмет етуді барлығынан жоғары қоятын кәсіпқой мемлекеттік аппарат қалыптастыру міндеті тұрғанын атап өтті.

Сондай-ақ, Елбасының Жарлығымен Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдары және мемлекеттік қызметшілердің жұмыс пен тұрмыстағы жүріс-тұрыстарының қалыптары регламенттелген мемлекеттік қызметшілердің жаңа «Әдеп кодексі» қабылданды.

Мемлекеттік қызметшілердің жұмыс барысындағы басты құралы болып табылатын жаңа Әдеп жөніндегі кодексі, бұл – жауапкершілік жүгін арттыратын, талаптар ауқымын белгілейтін маңызды құжат. Ол мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық келбетін ғана емес, сондай-ақ олардың өзін-өзі ұстау мәнерінің базалық стандарттарын бекітеді. Мемлекеттік қызметшілер өздерінің күнделікті жұмысында қарапайымдылық, әділдік пен адалдық сияқты принциптерді ұстану керектігі басты орында тұрады.

Мемлекеттік қызметшілердің әдептілігі мен сыбайлас жемқорлықтың бетін қайтаруы бірін-бірі толықтыратын фактор болып табылады. Сондықтан мемлекеттік органдардың осы бағытта жүйелі түрде жұмыс істеуі бүгінгі күннің басты талабы болмақ.

Әдеп жөніндегі кеңестің негізгі міндеті – мемлекеттік қызметшілер тарапынан орын алатын құқықбұзушылықтардың алдын алу.

ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңында қарастырылған әрекеттерге жол бергендерге бірқатар жауапкершіліктер белгіленген.

Мемлекеттік қызметшінің басты мақсаты – халыққа адал қызмет ету. Бұл жолда олар бәрінен халықтың мүддесін жоғары қойып, әділ шешім қабылдап, қарапайымдылық пен адамгершіліктің үлгісін танытуы тиіс.

Әдепті, сабырлы да шыншыл әрі ұлтжанды қасиеттері мол азаматтардың мемлекеттік қызметті адал атқаруы еліміздің өркендеп-

өсуіне оң ықпал етеді, тұрғындар арасында мемлекеттік қызметшінің беделі нығайып, оған деген халықтың сенімі артады.

Сонымен бірге, ел Көшбасшысы ұсынған «Мәңгілік ел – қазақ халқының ұлттық идеясын» жүзеге асыру да мемлекеттік қызметшілерге жүктелген.

Қорыта айтқанда, мемлекеттік қызметшілер Мемлекет басшысы айқындап берген басымдықтарды үлкен жауапкершілікпен және зор ыждаһатпен іске асырулары тиіс.

Жалпы, Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ережеге сәйкес, Шымкент қаласындағы Еңбекші ауданы әкімі аппаратында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзуының алдын алу бойынша аудан әкімінің орынбасарына әдеп жөніндегі уәкілдің міндеттері жүктелініп, бұл бағытта жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.

Ерік ТІЛЕНШИН, Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары. Шымкент қаласы.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ