Әлеумет 0 пікір 0 лайк

Бес мың үй орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылады

Мамыр 19 / 2018

 

Шымкент шаһарының көптеген шағынаудандарында әлі күнге орталықтандырылған кәріз жүйесі жоқ. Жеке үй секторындағы осы бір олқылықты жою үшін қала әкімдігі шағын- аудандарға кәріз жүйесін жүргізу ісін қолға алған болатын. Бүгінде осы жұмыстың алғашқы нәтижелері де көріне бастады. Қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бүгінгі таңда жеке сектордағы бес мыңнан астам үй орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылуда.

 

Алғашқылардың легінде Тоғыс елді мекені мен «Қайтпас-2» шағынауданындағы кәріз жүйелерін ретке келтіру жұмыстары жандана түскен. Таяу күндері мамандар 5192 тұтынушы орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылады дейді. Бұл өз кезегінде тұрғындардың 47,8 пайызы орталықтандырылған кәріз жүйесін пайдаланатындығын көрсетеді.

Айта кетейік, шаһардағы жалғыз тазарту құрылғылары кешенінің қуаттылығы тәулігіне 150 мың текше метрді құрайды.

Ж.ШАЛАБАЕВА.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ