Әлеумет 0 пікір 0 лайк

Биыл 20 мыңдай тұрғын таза ауызсумен қамтылады

Мамыр 17 / 2018

 

Облыстың даму жоспарына сәйкес, өңір халқын сапалы ауызсумен жабдықтау бойынша үш жылда 84 елді мекенді, яғни 209,7 мың адамды орталықтандырылған ауызсумен қамту жоспарланып отыр.

 

Оның ішінде биыл ауызсу саласына 9,6 млрд. теңге бөлініп, 76 нысанның құрылысы іске асырылуда. Аталған нысандардың 20-сы биыл пайдалануға берілсе, 56 нысанның құрылысы келер жылға өтпелі. Нәтижесінде осы жылы аймақтағы 13 елді мекен, яғни 19,6 мың тұрғын таза ауызсумен қамтылса, 2 елді мекендегі тозығы жеткен су құбырлары қайта жаңартылады.

Сонымен қатар, 35 елді мекенді ауызсумен қамтамасыз ету үшін биыл жобалау-сметалық құжаттары әзірленуде. Нәтижесінде 2020 жылға қарай қала тұрғындарының 97 пайызы, ауылдық елді мекендердің 83 пайызы орталықтандырылған ауызсумен қамтылатын болады.

Айта кетейік, бүгінгі таңда облыстағы қалалардың 93,4 пайызы, ал, ауылдық елді мекендердің 73,6 пайызы орталықтандырылған ауызсумен қамтамасыз етілген.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ