Рухани жаңғыру 0 пікір 0 лайк

Жүйелі жұмыстар жүргізілуде

Мамыр 17 / 2018

 

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының мазмұны терең. Жолдауда аталған 10 міндеттің басымдықтары бүгінде әлем елдері қадам басып отырған төртінші өнеркәсіптік революция дәуірі кезінде технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістерге жол ашады.

Айталық, былтыр рухани жаңғыру мәселесіне бастама көтеріліп, ұлттық кодымызды нығайтуға орай міндеттер белгіленді. Алға қойған мақсат-міндеттердің ойдағыдай жүзеге асырылуына сай Мемлекет басшысы халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған «Қазақстан – 2050 стратегиясы», «Нұрлы жол», «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында келешектің жоспарын негіздеп, нақтылай түсті.

Соның бір дәлелі – «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауда белгіленген төртінші басымдық көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыруды көздейді. Жолдаудың сөзімен айтсақ: «Бүгінде Қазақстан арқылы бірнеше трансконтиненталды коридор өтеді. Бұл туралы көп айтылды. Жалпы, Қазақстан арқылы өткен жүк транзиті 2017 жылы 17 процентке өсіп, 17 миллион тоннаға жуықтады. Транзиттен түсетін жыл сайынғы табысты 2020 жылы 5 миллиард долларға жеткізу міндеті тұр. Бұл инфрақұрылымға жұмсалған мемлекет қаражатын тез арада қайтаруға мүмкіндік береді. Жүк қозғалысын онлайн режімінде бақылап, олардың кедергісіз тасымалдануы үшін және кедендік операцияларды жеңілдету мақсатымен блокчейн сияқты цифрлық технологиялардың ауқымды түрде енгізілуін қамтамасыз ету қажет» – деп атап көрсетілген.

Елбасының халыққа арнаған Жолдауы – елдің алдына қойылған үлкен стратегиялық бағдарлама. Азаматтардың әл-ауқатын арттыратын маңызды қадам. Мемлекет басшысы төртінші кезеңдегі жаңа бағыттарды, олардың жүзеге асу жолдарын белгілеп берді. Жолдау талаптарын орындау мақсатында мемлекеттік кірістер органдары жүйелі жұмыстар атқарып келеді.

М.ДОСАНОВ, «Атамекен» кеден бекетінің бас маманы.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ