Аспан асты, жер үсті 0 пікір 0 лайк

Оқушылармен кездесті

Мамыр 17 / 2018

 

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын кеңінен насихаттау мақсатында өңірімізде ақпараттық-түсіндіру тобы құрылған болатын. Өткен аптада осы топ мүшелері Шымкент қаласындағы мектептерде жоғары сынып оқушыларымен кездесіп, Мемлекет басшысының мақаласын талқылады.

 

Ә.Назарбеков атындағы №87 жалпы орта мектепте өткен шарада М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің философия және мәдениеттану кафедрасының доценті, философия ғылымдарының кандидаты Сайыпжамал Қорғанова мазмұнды баяндама жасады. Баяндамашы Елбасы мақаласының білім ұяларындағы тәлім-тәрбие мен идеологиялық жұмыстарды жүйелеуге мол мүмкіндік беретінін айтады.

Сонымен қатар, бұл маңызды құжатта жиі кездесетін «ұлттық код», «бәсекелестік» секілді сөздерге жеке-жеке тоқталып, балаларға олардың түп-төркінін түсіндіріп берді. Сайыпжамал Сұлтанқызы Елбасы мақаласында екшеп көрсетілген бағыттарды жүзеге асыруға байланысты өз ойын да ортаға салды.

Д.ТОЙЛЫБАЙҚЫЗЫ.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ