Аспан асты, жер үсті 0 пікір 0 лайк

Қарияларға қолғабыс етті

Мамыр 17 / 2018

 

Ұлы Отан соғысының ардагерлерін ардақтау тек 9 мамыр – Жеңіс күнімен ғана шектелмеуі қажет. Оларға деген құрметімізді жыл он екі ай бойына көрсетсек те жарасады. Онсыз да қатары селдірей бастаған ардагерлердің ең жасы тоқсанның үстінде. Қамкөңіл қариялардың көбі, әсіресе, тұрмыстық қолғабысқа зәру. Осыны ескерген М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ-дің «Парасат» колледжінің студенттері кешегі аптада соғыс ардагерлеріне барып, ауласын тазартып, үйлерін жинап берді.

 

Шымкент қаласының Еңбекші ауданы аумағында тұратын соғыс ардагерлері А.Воронкин, А.Пивиков, С.Әбдінұров студенттердің көмегіне дән риза болды. Студенттер ардагерлердің үй ішін тазартып, ауласын реттестіріп беріп қана қоймай, олардың соғыс туралы естеліктерін тыңдады. Бейбіт күннің қадірін білуге, тыныштықтың құнын бағалауға септігін тигізер мұндай естелік әңгімелердің әсері мол.

Ержан Әлиев, «Парасат» колледжі директорының орынбасары.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ