Аспан асты, жер үсті 0 пікір 0 лайк

Жан-жақты түсіндірді

Мамыр 17 / 2018

 

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ғалым-оқытушылары Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының концептуалдық негіздерін түсіндіру мақсатында Шымкент қаласындағы 128 мектеп ұжымымен кездесу өткізді.

 

– Бүгінгі әлемдік бәсекелестік заманында бізге сергектік пен серпіліс керек. Тұңғыш Президентіміздің тың идеялары жаңа нәтижелі көкжиектерге бастайды. Ал, жоғары оқу орындары қоғамдық сананы жаңғыртудың қозғаушы күші болуы тиіс, – деді М.Әуезов атындағы ОҚМУ жанындағы колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, ОҚО өңірлік сараптама кеңесінің ғалым-хатшысы, педагогика ғылымдарының кандидаты Артық Нұрәлиева.

Насихаттық топ Шымкент қаласының жалпы білім беретін орта мектептерінің жоғары сынып оқушыларының арасында бағдарламалық мақаланың тұжырымдамалық негіздері мен басты идеяларын жан-жақты түсіндіріп берді.

Т.СИЯЕВА, №49 жалпы орта мектебінің мұғалімі. Шымкент қаласы.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ