Кішкентай ауылдағы үлкен жарыс

Мамыр 17 / 2018

 

Ордабасы ауданы, Көкарал ауылындағы Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектепте «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында бокстан жасөспірімдер арасында республикалық ашық турнир өтті.

 

Турнирге Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Жамбыл облыстарының және Оңтүстік Қазақстан облысының бірқатар аудандарынан барлығы 14 команда қатысты. 15 салмақ дәрежесі бойынша сынға түскен 200 жасөспірім спортшы 4 күн бойы Көкарал ауылын спорт мерекесіне айналдырды.

Жарыс қорытындысында Атырау, Маңғыстау облысының, облыстық бокс мектебінің, сондай-ақ Отырар, Ордабасы, Шардара аудандарының және Көкарал ауылының жас спортшылары жеңіс тұғырынан көрінді.

Жарыс жеңімпаздарының барлығы арнайы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.

Асқар ОМАРХАНОВ. Ордабасы ауданы.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ