Аспан асты, жер үсті 0 пікір 1384 лайк

Адасып кеткен туристер табылды

Мамыр 15 / 2018

 

«Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сайрам-Өгем табиғи паркінде бір турист адасып кетті. 21 жастағы жігіт табиғатты тамашалап жүріп, өзінің тобынан қалып қойған деп хабарлайды» ҚазАқпарат.

 

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, туристің тауда адасып кеткені туралы ақпарат кезекші бөлімге 13 мамырда кешкі сағат 20.30-да түскен. «Оқиға орнына 1 техника мен жедел-құтқару жасағының 5 қызметкері келіп жетті. Олар іздестіру шараларын 14 мамыр күні таңғы сағат 05.30-да бастап, сағат 09.05-те жігіт табылды» делінген хабарламада. Айта кетейік, өңірлік жедел құтқару жасағы күні кеше ғана тауда адасып кеткен екі жігітті құтқарған болатын. Кейіннен екі студенттің де жағдайлары қалыпты екені анықталды.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ